Home » Жаңалықтар » «Білім беру ұйымдарындағы роботты техника» атты облыстық көрме өткізілді

«Білім беру ұйымдарындағы роботты техника» атты облыстық көрме өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Білім беру ұйымдарындағы роботты техника» тақырыбында Облыстық роботты техникалар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме жұмысының мақсаты – қабілетті және дарынды оқушылардың назарын жоғары технология саласына аудара отырып, инженерлік жобалау үдерісінде шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсер ету.
Көрме жұмысына аймақтық орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен оқушылары қатысты.
Көрменің ашылу салтанатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов көрме қатысушыларына сәттілік тіледі.

 

  Көрмеге қойылған жұмыстарды сараптаушы әділ қазылар алқасы мүшелері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

 Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, институт директорының орынбасары С.Серікбаев, Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы М.Смағұлова Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі С.Ахметов №4 дарынды балалар мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі Ж.Дінісламов көрме жұмыстарымен танысып, қатысушылардың жұмысын бағалады.Іс-шара соңында қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.