Home » Бес сауал » Білім беру үшін көшбасшылық: тәжірибе және даму перспективалары

Білім беру үшін көшбасшылық: тәжірибе және даму перспективалары

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында оның тиімді дамуына көшбасшылық зор әсерін тигізеді. Білім берудегі көшбасшылар – білім беру саласының кәсіби және тұлғалық жағынан алға ұстар өкілдері болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қауымдастығы ретінде «Өрлеу» БАҰО АҚ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» белсенділігімен және филиал негізінде «Білім берудегі көшбасшы» атты облыстық Клуб дүниеге келді.

Клуб құрамына білім беру мекемелерінің басшылары, республикалық және халықаралық байқаулар жеңімпаздары, балалар және жастар тәрбиесі бағытындағы саяси партиялар, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар өкілдері кірді.

Құрылған Клубтың қызметі білім беру саласының барлық деңгейі менеджментін жетілдіруге, орта білім беру мазмұнының жаңару жағдайындағы Солтүстік Қазақстан ұстаздарының беделін арттыруға, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мәңгілік Ел» Жалпыхалықтық патриоттық идеяның рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, клуб ұстаздардың өзін-өзі дамыту траекториясын анықтау, инновацияларды қолдау және жетілдіру, кәсіби байқауларға дайындау міндеттерін жүзеге асырады.

2016 жылдың 28 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ «СҚО бойынша ПҚ БАИ» «Білім берудегі көшбасшылар клубы» атты Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық онлайн World Café өткізді.

«Білім берудегі көшбасшылар клубы» атты Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық онлайн World

Café жұмысына Солтүстік Қазақстан облыстық «Білім берудегі көшбасшы» Клубының мүшелері, «Запорожье қаласының жас педагогтер Ассоциациясы» (Украина) және Қорған облысының аймақтық педагогикалық клубы (Ресей Федерациясы) қатысты.

World Café жетекші идеясы ретінде көшбасшылық қауымдастықтарды құру тәжірибесімен танысу, тәжірибе алмасу болды.

Жұмыс барысында Кембридж Университетінде 6-айлық тағылымдамада білім алып жүрген кафедра аға оқытушысы, жаңартылған бағдарлама бойынша тренер, «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының иегері Касенова А.Б. және Джен Скофилд, University of Cambridge «Болашақ» бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушысы, инновациялар мен реформалар тобының доценті өздерінің сұхбатымен эфирге шықты. Өзінің сұхбатында Джен Англиядағы көшбасшылық жайында әңгімелеп, оның маңыздылығын айқындады.

World Café форматы ашық және босаңқы атмосферада сұрақтарды талдауды көздейді.

Халықаралық серіктестерімізге талдауға келесі сұрақтар ұсынылды.

* Сіздердің құрылу үйренерлік тарихыңыз;

* Тиімділік құпияларыңыз;

* Сіздердің серіктестеріңіз: кімдер, неліктен олармен байланыстасыз, өзара іс-қимылдарыңыз, нәтижелер.

Қорған облысының аймақтық педагогикалық клубы (Ресей Федерациясы) педагогикалық қауымдастықтар қызметінің қызықты іс-шараларымен, идяларымен таныстырса, «Запорожье қаласының жас педагогтер Ассоциациясы» (Украина) жас педагогтермен жасалып жатқан жүйелі қызмет моделі туралы баяндады.

Солтүстік Қазақстан облысының «Білім берудегі көшбасшы» Клубының мүшелері аса үлкен ықыласпен халықаралық серіктестердің тәжірибесімен танысып, сұрақтарын қойып отырды. Постер арқылы идеяларды, «жемістерді» жинақтады, келешек перспективаларды белгіледі.

Кездесу соңында филиал директоры –Алма Жәкімқызы Мырзалинова Украина және Ресей әріптестерімізге құнды тәжірибе, ашық диалог үшін алғыс білдірді: «Ертеден қазақ халқында сәби алғашқы қадам жасағанда киіз үйге ауылдың ең сыйлы ақсақалы шақырылатын. Ол баланың тұсауын кесіп, қадамына тілек айтады. Бала түсауын кім кессе, сол адамға ұқсайды деген таным бар, сондықтан түсау кесер адам құрметті де танымал болуы тиіс.

Бүгінгі кездесу, қазақ халқының «Тұсау кесу» рәсімі ретінде жасалып жатыр. Алғашқы қадамдарын жасаған балаға қонақтар сыйлықтар жасайды. Біздің алғаш қадамдарын жасап жатқан Клубқа, Сіздер өз

тәжірибелеріңізбен, қолдауларыңызмен өте маңызды сый бердіңіздер! «Өмір жолы ақ, үлкен, жарық болсын», — деп ақ жолмен сәби өзінің алғашқы қадамдарын жасайды.

«Білім берудегі көшбасшы», ақ жол!

dsc_0468 dsc_0364 dsc_0353 dsc_0344

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.