Home » Жаңалықтар » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ДИАЛОГТІК АЛАҢЫ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ДИАЛОГТІК АЛАҢЫ

2017 жылдың 24 тамызы күні Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» атты дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.

Педагогикалық кеңестің Пленарлық отырысына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры Серік Кеңесбаев, сондай-ақ аудан әкімдері, білім беру мекемелерінің ұстаздары, директорлары, өңірлік дарынды балаларға арналған орталықтардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Ләззат Тілеубайқызы өз баяндамасында облыстағы білім беру мекемелерінің бүгінгі жағдайына тоқталып, ауыл мектебі мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықтың азайтылуы, оларды толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықтау, ҰБТ-ның жаңа нысанда өткізілуі жайлы айтып өтті.

Конференцияға қатысушылар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мен бәсекеге қабілеттілігін шыңдау, дуальді, үш тілде оқыту ісін ұйымдастыру, балаларды тәрбиелеудегі жаңа әдістері қолдануға байланысты сұрақтарды көтерді.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Пленарлық мәжілісті қорытындылап, жылдағы дәстүрге сай білім саласында елеулі еңбек етіп жүрген қызметкерлерді марапаттады. Кеңес қарары қабылданып, Тамыз конференциясы одан әрі секциялық жұмыстарға ұласты.

Аймақтық тамыз педагогикалық кеңесінде барлық пәндік бағыттар бойынша 20-дан астам секция жұмысы ұйымдастырылды. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» әдіскерлері секция жұмыстарында модератор болып, облыс педагогтарының біліктілігін шыңдауға өз үлестерін қосты.

Секция отырыстарының негізгі қарастырған мәселесі – білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру жағдайында мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету.

Аудандық (қалалық) білім бөлімі басшылары қатысқан «Болашақ мектеп: қазақстандық білім берудің жаңа стратегиясы мен мүмкіндіктері» атты секцияға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» директорының ғылыми — әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы модератор болып, секция жұмысы барысында «Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың біліктілігін арттырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбында таныстырылым өткізді.

Сонымен қатар, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» білікті аға оқытушылары Ерік Стамбеков, Майра Валиева, Ләззат Дүйсембекова, Ақбота Нұрпеисова, Алмаш Тұралбаева, Ләззат Орманбекова, Анар Қайролдаева, Фатима Каракушекова, Дариға Қартбаева, Майра Ахметова, Айгүл Байұзақова, Жадыра Абдрахимова, Меруерт Бисембаева, Нұрсәуле Қылышбекова секция жұмысында модератор болумен қатар мазмұнды баяндамалар жасап, шеберлік сыныптарын өткізді.

         

Тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырыстарында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ тренерлері педагогтар тарапынан жиі қойылатын көкейкесті сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алысты. Сонымен бірге, институт әдіскерлері орта білім беру мазмұнын жаңартудағы ерекшеліктер, критериалды бағалау жүйесі және орта мектепте білім беру мәселелерін қатысушылармен бірге талқылап, педагогтерге білім беру саласындағы өзгерістерді терең түсіндіріп, жаңа оқу жылына тың серпіліс сыйлады.

 

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,

 «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы

 бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,

 Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.