Home » Білім және тұлға » БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАР

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ТАЛАПТАР

 Қазақстандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты білім сапасының жаңаруы мен ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға дайын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Мектеп оқушыларын заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңіл қуантады.

Қазіргі таңда елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, сапалы білім беруге жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуге үйрету міндеті тұр. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.

2016 жылдың 24 қазаны мен 11 қарашасы аралығында «Білім беру мазмұнын жаңарту» бағдарламасы бойынша  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  ұйымдастыруымен  Алакөл ауданының 6 орыс сынбындағы бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті.  Курста 2016-2017 оқу жылында 1 сыныпқа сабақ беретін  мұғалімдер білімдерін жетілдірді. Бұл біліктілікті арттыру курсы – мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасының Қазақстанның білім беру жүйесін реформалауға үлес қосуына мүмкіндік береді.

222222222Курста мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Негізгі пәндердің құрылымдары «спиральді оқыту бағдарламасы» бойынша өсу ретін, мазмұны және оқу мақсаттарын көздейді. Бағдарлама бойынша сан алуан тиімді әдіс-тәсілдер көп, өз тәжірибеміздегі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімізге тың өзгерістер әкелетіні сөзсіз екені айқын. Мұғалімдер білім беру бағдарламасына негіз болған теориямен ғана танысып қоймай, тәжірибеде қолдануға бағытталған жұмыс түрлерін ықшам сабақтар жүргізу арқылы шыңдай түсті. Оқу бағдарламасымен сабақ жоспарын егжей-тегжейлі талдап, мұғалімдер алған білімдерін нығайтты.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі. Бұл тәсіл – оқу үдерісі жаттығулардың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс. Ең тиімді оқыту – нақты әрекет арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту әдісі. Жаңартылған бағдарлама бойынша толық нұсқау беріп, оқудағы қиыншылықтарды кедергісіз жеңуге тренер – Н.И.Джанбырбаеваның сіңірген үлесі зор. Тренер үнемі дұрыс бағдар беріп, әр әдіс-тәсілдің қыр-сырын әр тәлім алушыға аянбай, жеткізе білді.

Мұғалімдер өзара рефлексия және метатану тапсырмаларын араластыра отырып, біліктілікті арттыру курсының оқу мақсаттары арқылы өздерінің алға ілгерілеуін қарастырды, келесі қадам туралы ойлауын жүзеге асырды. Курсты мұғалімдер шығармашылық шабытпен, жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажет қабілетіне, өз күшіне деген сенімділікпен аяқтады.

НҰРАҚБАЕВА Айгүл Зұлпықарқызы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.