Home » Мақалалар » Білім беру мекемесінің табысқа жету формуласы

Білім беру мекемесінің табысқа жету формуласы

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы туды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық білім беру саласына өте жоғары талап қойып отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде Семей қаласының № 29 жалпы орта білім беретін мектебі – қойылған талаптар бойынша өз қызметін жалғастырып келеді. Мектеп тарихы 1962 жылдан басталады. Алғашқы жылдары түрлі өндірістерде қызмет атқаратын тігінші немесе паротурбинді машинист мамандықтары бойынша білім беретін мектеп болған. 55 жылдан аса тарихы бар мектеп әр жылы білім беру мекемелерінің көшін бастап келеді. Өзінің табысқа жету формуласы мен басқарудағы тиімді әдіс-тәсілдері арқылы мектепке Төлеубаева Гүлжан Төлеуғазықызы басшылық етіп келеді.

Гүлжан Төлеуғазықызы – жаңа форматтағы лидер. 20 жылдан аса педагогикалық еңбек өтілі және оның ішінде 10 жыл басқарудағы іс-тәжірибесі бар білікті маман. Заманауи басшы әрдайым өз білімін жетілдіріп отыруы тиіс деген қағиданы ұстанып, Мәскеудің қоғамдық қатынастар университетін аяқтап, «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша магистр ғылыми дәрежесін алды.

Білім беру мекемесін басқару, ҚР Білім беру туралы заңнамасына және мектеп жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Өзін – өзі басқару ұйымы мен дара басшылық принципі арқылы мектепішілік басқару менеджменті тиімді жұмыстар атқаруда.

Мектеп әкімшілігінің басқару қызметі бір-бірімен тығыз байланысқан келесі класстерлерден тұрады: стратегиялық – мақсатты, болжалды жоспарлау, білім беру ортасының дамуы, түзетушілік-реттеуші.

Мектептің әдістемелік тақырыбы: сапалы ақпараттық білім беру ортасы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 2014-2015 оқу жылынан бастап, мектеп ұжымы аталған тақырып бойынша жұмыстар атқарып келеді.

Бүгінгі таңда мектепте 700 ден аса оқушылар тәлім алуда. Әр оқу жылында мектеп оқушыларының 60 % пән олимпиадалары, интеллектуалды марафондарға қатысып: қала, облыс, республика, халықаралық дәрежеде жеңімпаз атанып жүр. Мектебіміздің үздік түлектері (Долданова Алима, Каменская Анастасия, Петрова Ульяна, Балтабаева Жансая) халықаралық ғылыми жобалар сайысына қатысып, білім беру грантын иеленді. Соңғы ҰБТ көрсеткішінің орташа есебі 92 ұпайды көрсетіп отыр.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті психология кафедрасымен бірлесе отырып мектебімізде қалалық диалогтік алаң құрылды. Кафедра ұстаздарымен бірлескен диалогтік алаң бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар атқарады.

  • Психологтардың консультативтік кеңесі;
  • Білім алуға деген мотивацияның артуы, бітіруші сыныптардың кәсіби диагностикасы;
  • Әлеуметтік педагогтың түзетушілік жұмыстары, «қатерлі топ» және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылармен жұмыс жүргізу формалары;
  • Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік қызметі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, психология-педагогика кафедрасы және қалалық психология мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі «Баланың ішкі-жан дүниесі» атты қалалық кеңес беру алаңы аутодеструктивті іс-әрекеті бойынша серіктестік етеді.

     2015 – 2018 жылдары аймақтық үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шығармашылық топ өз жұмысын атқаруда.

  • Политехникалық цикл мұғалімдерінің ағылшын тілі бойынша кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыру;
  • Оқу жоспарының вариативті бөлігін мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізілуін жоспарлау.

Мектепте білім беру және білім алу үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық орта қалыптасқан.

«Өрлеу» БАҰО Республикалық институты «Электронды оқыту жүйесінің» облыстық тәжірибелік алаңын құрды. Осыған сәйкес мектеп мұғалімдері ЭОЖ бойынша біліктілігін арттыруда.

АКТ компетенциясы бойынша мұғалімдердің (98 %) курс өтті;

— Мектеп базасында ЭОЖ жүзеге асыру және енгізу жоспарланды;

— ЭОЖ тәжірибеге енгізумен айналысатын мектеп директорлары мен оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарларына арналған аймақтық, облыстық оқыту семинарлары жүргізілді.

«Өрлеу» БАҰО Республикалық институты Семей қаласының Білім бөлімімен бірлесе отырып директордың оқу жөніндегі орынбасарларына арналған «Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер галереясында» аталған бағыт бойынша іс-тәжірибе алмасты.

Оқу процесінде көшбасшылық концепциясын бірегей түрде жүзеге асыру мақсатында сертификатталған, алдыңғы қатарлы мұғалімдер арасында «Көшбасшылар» командасы жұмыс атқаруда. Команда құрамына деңгейлік білім беру курсын оқып бітірген мұғалімдер кіреді. 3 мұғалім, 1 деңгей бойынша біліктілігін арттырса, соның ішінде мектеп директоры; 1 мұғалім 1 деңгей бойынша; 2 мұғалім «Мектептегі көшбасшы мұғалім» бойынша, 13 мұғалім базалық 3 деңгей курсын бітірген.

Оқу процесі 7 модуль бойынша жүзеге асырылады. Команда құрамындағы мұғалімдер Lesson stady ғылыми-ізденушілік бағытында жұмыстар атқарып, іс-тәжірибесімен коучингтар мен менторингтар жүргізу арқылы бөлісді. «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы құрылған «Көшбасшы» тобында қала көлемінде іс-тәжірибемен алмасады.

Мұғалімдер үнемі педагогикалық фестивальдер мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, «Үздік ортамерзімді жоспар» бойынша мұғалімдер Толеубаева Г. Т. и Трухина И.М жүлдегер атанса, мектеп Білім бөлімінің алғыс хатын алды. «Менің үздік сабағым» облыстық байқауында бастауыш сынып мұғалімі Трухина И.М. ІІ орынды иеленді. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде. «Менің инновациялық сабағым» атты педагогикалық эссе байқауында 8 мұғалім қатысып, жеңімпаз атанды. Трухина И.М, Тыщенко Е.Е, и Чернышова Т.Ю. қала көлемінде іс – тәжірибесін таратып, «Озық педагогикалық іс-тәжірибелер галереясы» байқауына қатысты. .

Бастауыш сынып мұғалімдері Капокова А. Н., Прохорко Е. П, Лукьянова С. В. – «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының қалалық және облыстық кезеңінің жүлдегері атанды. Трухина И.М. және Рахманова Е.В. шәкірттері бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. Панасенко Е.Н. – республика көлемінде өткен «Жол қауіпсіздік ережесі» сайысында жүлделі орынды иеленді. Мектепалды даярлық тобының жетекшісі Кайнарова Ж.Т. «Тәрбиеші болу бақыт» эссе жазу байқауында жүлделі 3-орынды иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Акбидаева А.Т. «Pedagogika.kz» оқу – кеңес орталығы атынан «Өнегелі ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Аталған оқу орталығы ұйымдастырған «Үздік коучинг» сайысында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Е.В. халықаралық «Менің инновациялық сабағым» атты байқауда жүлделі ІІ орынды иеленіп, Алматы қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің «Луч» атты олимпиадасында ІІ орын алды. Шумская В.Ю. бастауыш сыныптардың пән олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байжумаева Ж.К. жетекшілігімен 2014 — 2015 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі қала көлеміндегі «Үздік бірлестік» номинациясын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Байжумаева Ж.К. облыстық «Халықтық педагогика негізінде білім беруді жүзеге асыру» атты педагогикалық оқуларға қатысып дипломмен марапатталды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Габдрахманова А.Д. «Білім және ғылым» Республикалық Шығармашылық фестивалінде «Педагогикалық эссе» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Кабдылкаримова Қ.Ж., Нугумарова Д.К. Жумадилова Ж.Ж. халықаралық экология және инженерия ғылым академиясы ұсынған пән мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.

Мектеп ұжымында жас мамандардың тәжірибесін арттыруға баса назар аударылады. Шелудько Е.С. жетекшілігімен «Жас мамандар мектебі» тұрақты түрде жұмысын атқарады. Соның аясында қазақ тілі мұғалімі Жекенова Ж.Е. үштілді білім беру бағдарламасының аясында өткен қалалық «Тіл шебері – 2017!» байқауда ІІІ орынды иеленді. Жас маман Мухтарова А.М. және орыс тілі мұғалімі Михайленко Е.П. оқушыларға арналған «Мультимедиялық журналистика» ұйымына жетекшілік етеді. Нәтижесінде жас журналистер облыстық «Туған жердің табиғаты» атты фото-видеороликтер байқауында ІІ орынды иеленді. Михайленко Е.П. «Фестиваль педагогических идеи» байқауында «Такие разные уроки, и в каждом мастере рука» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жаратылыстану – математикалық пәндер бірлестігі қала көлемінде       ІІ орынды иеленді. Бірлестік жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Иринякова Т.А. ІІІ деңгей бойынша сертификатталған математика пәнінің мұғалімі Иликова В.А. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім берудің үлесі» атты тамыз кеңесінде іс-тәжірибесін таратты. «Развитие математической грамотности на английском языке» тақырыбы бойынша әзірленген авторлық бағдарламасы «Педагогикалық идеялар фестивалінде» жүлделі ІІІ орынды иеленді. География пәнінің мұғалімі Якушев В.В қалалық Білім бөлімінің ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс хатымен марапатталып, «Үздік инновациялық сабақ» байқауында ІІ орынды иеленді. «ЭОЖ енгізу» бойынша информатика пәнінің мұғалімі Щербак В.Ю қала көлеміндегі семинарларда баяндама оқып, информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып, жүлдегер атанды. Мектеп мұражайының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі      Жунусова Э.А. мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Дощанова А.К., Садыбекова Г.К. халықаралық «Менің инновациялық сабағым» атты байқауға қатысып, І және ІІ орындарды иеленді. 2015 – 2016 оқу жылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абылкасымов Е.А.   облыстық «Үздік әдістемелік жұмыс» байқауының Бас жүлдесін қанжығасына байлады. Педагог — психолог Тусупова Л.В. — Жалпыресейлік «Умната» орталығы ұйымдастырған психология және педагогика бойынша олимпиадаларға қатысып жүлделі І-ІІ орындарды иеленді. «Солнечный свет» педагог-психологтардың халықаралық олимпиадасында ІІІ орын алды. Дәстүрлі түрде өтетін «Жылдың үздік психологі» байқауында ІІ-ІІІ орындарды иеленді. Музыка пәнінің мұғалімі Киреева О.В. – «Үздік музыка мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.

2016-2017 оқу жылында мектеп ата -аналары және Құтжановтар отбасының демеушілігімен, толықтай жөндеуден өтіп, жаңартылған бағдарламаның талаптарына жауап бере алатын «Мәңгілік Ел» кабинеті ашылды. Аталған кабинетке үштілді білім беруді қолдау мақсатында химия, биология, физика пәндерінен авторлық бағдарламалар, электронды оқулықтар қойылды. Сонымен қатар жас ұрпақтың рухани жаңғыруы үшін мектеп мұражайы және «Адал ұрпақ» клубы Жунусова Э.А. жетекшілігімен жұмыс атқарады. Мектеп мұражайы 2015 жылы қал көлеміндегі «Үздік мектеп мұражайы» аталымын иеленсе, 2017 оқу жылында «Адал ұрпақ» клубы І орынды иеленді.

2015 – 2016 оқу жылында № 29 ЖОББМ «Корни Травы» бағдарламасына қатысты. Қазақстан Республикасындағы Жапон елінің елшілігі «Білім әлеміне жаңа терезелермен» жобасы арқылы мектеп ғимаратының барлық терезелерін жаңартып, оқушылардың денсаулығы мен білім алуына ыңғайлы жағдай тудырды. Жоба жұмысының аяқталуы мамыр айында болды, мектеп өмірі мен оқу процесі және жұмыстың қорытындысы бойынша мамыр айында Жапон елшілігімен кездесу ұйымдастырылды.

Қазақтың ХХ ғасырдың белгілі ағартушысы Ж. Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» — деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан мектеп ұстаздары шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындауды басты назарға алып отыр. Мектеп ұжымының ұстаздары жоғары білікті, құзіретті мамандар. Оған дәлел ретінде облыс көлемінде өткізілген АПМКО авторлық бағдарламасы нәтижесінде «Ең үздік 30 – білім беру мекемесі» қатарына енді. Ұлттық рейтингтер шеруінде «Ойшылдар мектебі» номинациясын иеленіп, жаңа форматтағы критерилер мен дискрипторлар бойынша ІІ орынды иелендік.

Мектеп ұжымының білім теңізіндегі жетістігінің нәтижесі тікелей басшыға байланысты. Мектеп жұмысын басқара білген басшы ғана табысты бола алады. Ал табысқа жетудің өзіндік формуласы бар. Ол «ұжым» + «басқару әдісі» + «өз ісіне деген сенімділік» + «кәсібилік» + «жаңа форматтағы мектеп және мектеп басшысы». Жаңа форматтағы мектеп басшысы ол — табысты менеджер. Биылғы жылы Республика көлемінде тұңғыш рет мектеп басшыларының байқауы ұйымдастырылды.  Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында І Республикалық «Табысты менеджер – 2017!» байқауы бірнеше іріктеуді артқа тастап өз мәресіне жетті. Байқау жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептерді, техникалық және кәсіби білім беру, жеке білім беру ұйымдары басшыларының шығармашылығын дамытуға бағытталды. Байқаудың басты мақсаты — шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және ҚР білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау болды. Екі күнге жалғасқан республикалық байқауда мектебіміздің директоры, стратег Төлеубаева Гүлжан Төлеуғазықызы І Республикалық «Табысты менеджер 2017!» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, «Заманауи зерттеуші» номинациясын иеленді.

Білім беру мекемесінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызмет атқарады. Ұйымның жұмысы Вассерман Ф.Я. жобасымен әзірленген БжС технологиясы арқылы жүргізіледі. Өзін-өзі басқару ұйымына мектеп президенті, премьер – министр, Министрлер кабинеті, Мектеп көшбасшыларының кеңесі кіреді. Аталған жүйе «Мәңгілік Ел» концепциясын жүзеге асыру мақсатында және болашақ ұрпақтың бойынан қабілетті, жан – жақты дамыған, шығармашыл және креативті тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Табыс – бұл түпкі нәтиже емес, үздіксіз дамитын процесс. Ал біз нақты даму жолындамыз. Елбасымыз Н.А.Назарбаев атап өткендей, әр қазақстандық XXI ғасырдың талабына толықтай сай келуі тиіс. Әр адам өз елінің патриоты болумен қатар, компьютерлік сауаттылығы жоғары, бірнеше тілдерді меңгерген бәсекеге қабілетті, сауатты да білімді тұлға болып қоғамда қалыптасуы қажет. Жоғарыда аталған қасиеттер әрине, мектеп қабырғасында жүргенде қаланады. Себебі, өскелең ұрпақ – бәсекеге қабілетті елдің тірегі.

Мухтарова Айгерім Матайбекқызы,
№ 29 жалпы орта білім беретін мектебі
Гуманитарлық ғылымдар магистрі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
ШҚО, Семей қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.