Home » Мақалалар » БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – ПІКІРЛЕР АЛАҢЫ

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ – ПІКІРЛЕР АЛАҢЫ

Кеше Павлодар қаласының «Достық үйінде» «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибе орталығы оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы  өтті. 
Республикалық іс-шара Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертiс дарыны» өңірлік орталығы мен  мамандандырылған мектептер негізінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында басқару тиімділігі және білім беру сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында өрбіді. Ток-шоу форматында өткен кездесудің 150-ден астам қатысушысы бүгінгі күндегі өзекті тақырыптар бойынша пікірлерімен бөлісті.

«Дарын» аймақтық орталықтарының басшылары, облыстық білім беру басқармасының өкілдері, мамандандырылған мектеп директорлары мен оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, мұғалімдер, психологтар және ата-аналар қызу кеңес барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша туындаған сауалдарды талқыға салды. Павлодар облысының дарынды балаларға арналған мектептері өз жетістіктерін көрме арқылы көрсетті.
Инновациялық педагогикалық идеялар және жобалармен танысу Павлодар қаласының 4-мамандандырылған мектептері мен оқушылар сарайында түс ауа жалғасын тапты.

                                                                                                                                                             Айгүл МОЛДАШ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.