Болашақ ұрпақтың білім сапасының жоғарылығы мектептегі оқу — тәрбие үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына тікелей тәуелді. Сондықтан білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз ету, оны іске асыру – білім беру ұйымдарының ең басты міндеті болмақ. Болашақ ұрпаққа бәсекеге қабілетті деңгейде білім беруге кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білген, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын меңгерген мектептер ғана жете алады. Өйткені, қазіргі уақытта оқу –тәрбие үрдісіне, оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда.
2017 — 2018 оқу жылында оқу-тәрбие үдерісіндегі стратегиялық басым бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Педагогикалық шеберлік орталығында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 20 педагог қызметкер білім жетілдіріп, курстан өткізілді.
«Үш тілде білім беру» жобасы бойынша І, ІІ, ІІІ кезеңді аяқтады. Нәтижесінде: Мектеп-интернат оқушыларына ағылшын тілін сыныптан тыс уақытта меңгертуге көп көңіл бөлінуде. Сабақтардан бос кезінде оқушылар үшін тілді меңгерудің 4 дағдысы (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.
Мектеп – интернатымызда аптаның әр бейсенбісі — «Ағылшын тілі күні» «Funny Thursday» болып белгіленіп, жыл басында бекітілген жоспар бойынша апта сайын түрлі кештер, конкурстар, интеллектуалдық сайыстар, театрландырылған қойылымдар, мәдени – танымдық кештер өткізіліп тұрады. Мұғалімдер үшін тоқсан сайын «Көп тілді меңгерген ұстаз» және «Полиглот ұстаз» сайыстары өткізіледі.
2017-2018 оқу жылында барлық сыныптарда – 7 сағатты құрап отыр. Сағат санының көбеюі оқушылардың ағылшын тілін тереңірек меңгеруіне көп көмегін тигізуде.
Ағылшын тілі, химия, биология, физика, математика, информатика, дүние жүзі тарихы пәндерінен барлығы 30 глоссарий дайындалды. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында алынған глоссарий нәтижесінде барлық қатысқан 199 оқушының 81-і – І деңгей (41 %), 84-і – ІІ деңгей (42 %), 34 — і – ІІІ деңгей (17 %) білімін көрсетті. Ал, 2017-2018 оқу жылы бойынша алынған сынақ нәтижесінде бұл көрсеткіш 242 оқушының 125-і – І деңгей (51 %), 89 -ы – ІІ деңгей (36 %), 28 — і – ІІІ деңгей (11 %) болды.
2017-2018 оқу жылында физика және математика пәндерінен 7 — сынып оқушыларының ағылшын тілімен кіріктіріп оқыту жұмыстарының салыстырмалы мониторингісі бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті.
«Дүниежүзі тарихын орыс тілінде кіріктіріп оқыту» жобасы 2016-2018 оқу жылдары аралығында жүргізілуде. Эксперимент ретінде 7-8-сыныптар бойынша өткізілді. Пән мұғалімдері түрлі жаңа форматтағы сабақтарын өткізіп, оқушы білімін тереңдетуге бағытталған шығармашылық жұмыстар жасауда. Тарих пәнінің мұғалімдері оқушыларға арналған орыс тілінде жұмыс дәптерлерін жасап, оқушыларға сабақта пайдалануға мүмкіндік жасауда.
Мектеп-интернат дарынды оқушыларға арналған арнайы жобалармен жұмыс жасайды. Дарынды балалардың шығармашылық жұмыс жасауға дағдыландыруға, өздігінен жұмыс істеуге машықтандыруға, өмірлік құндылықтарды үйренуге бағытталған бейінді оқыту курстары, жеке тұлғаны бейімдеу компоненті, факультатив сабақтар, үйірме сабақтар жүргізіледі. Нәтижесінде дарынды балалардың жеке бағдарланған білімдерін дамытуда таңдау пәндері бойынша тереңдетілген білімді меңгеруде.Жыл бойына пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба байқауларына, шығармашылық байқауларға, шығармашылық сайыстарға, түрлі интеллектуалды сайыстарға қатыстырып, жүлделі орындарды иеленді.
2017-2018 оқу жылында 29 оқушы мектеп бітірді. Оның «Алтын белгі» иегері – 6, «Үздік аттестат» иегерлері – 6. Бітіруші түлектер төмендегідей көрсеткіштер көрсетті:
Мектеп-интернатта сандық білім беру ресурстарын қолдану оқу және оқыту үдерісінде жоғары деңгейде жүргізілуде. Сандық білім беру ресурстарын қолдану статистикалық есеп бойынша аккаунт саны — 46, қаралым саны – 5589, қаралым коэффиценті – 130,2.
2017-2018 оқу жылының жылында атқарылған жұмыстарды сараптай келе, 2018-2019 оқу жылында төмендегідей басымдықтар бойынша жұмыстар атқарылады.
- Білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп-интернаттың оқу-тәрбие беру кеңістігін дамыту стратегиясын инновациялау, модельдеу;
- Көптілді білетін тұлғаны қалыптастыруда тәжірибеден нәтижеге;
- Жаратылыстануды оқыту: замануи технологиялар мен инновациялар, практикалық қолдану тәжірибесін нәтижеге бағыттау.
Саянова Ақайша
«Қызылорда облысының білім басқармасының
Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған
№ 4 облыстық мектеп – интернаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
Қызылорда қаласы.