Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты,
«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану
(гуманитарлық) ғылыми пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы,
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында
қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының тренері
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі М.Дyлатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда… Дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу», — деп ғылым, білім, оқудың маңызын кезінде халқына айтып кеткен екен. Сондықтан әр заман талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім деңгейі, ой өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған кез келген мәселелерді шеше алатын шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу. Ал қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі қазақ тілі пән мұғалімдерінің алдына қойған ең басты талап. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарты тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Осы мақсатта ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы жоба ретінде жалпы білім беретін мектептерде жаймен ғана іске асуда. Бaғдарламаның негізгі мақсаты – қазақ тілінің әлеуметтік қызметін тану, тілдік мәдениеттің әлеуметтік мәнін түсіну, сөйлеу әрекетінің түрлері (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) дағдыларын қалыптастыру, өз ойын еркін ашық, еркін айта алу. Күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп, тыңдап отырады. Осылай сөйлеу әрекетін де қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол айтылып жатқан мәліметті түсінеді, өз пікірін білдіре алады, басқалармен қарым-қaтынас жасайды, тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды, көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын, пікірін жазбаша жеткізе алады.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттарын саралау жұмысы тұр. Ол оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру және кері байланыс жаңа оқу бағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуге маңызды рөл атқарады. Бірінші кезеңнің маңызы оқушылардың мықты тұстары мен олардың кездестіретін қиындықтарын анықтаудан тұрады. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарынан бақылау арқылы және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат әр оқушының үлгеріміне мықты тұстары мен олардың кездестіретін қиындықтарын анықтаудан тұрады. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылы және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат әр оқушының үлгеріміне көмектесетін педагогикалық қызметтерді қызметтерді жоспарлау үшін пайдаланылады.
Бұл үдерісті нәтижeлі етуге көмектесетін бірнеше элементтер бар:
- Мұғалімдер оқушылар қателік жіберсе де қорықпау керектігін қолдайды;
- Әр оқушының өздігінен шешім қабылдау мәдениетін қолдайды;
- Мұғалімдер барлық оқушымен қарым-қатынас жасайды, бұл оқушылар жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін қалыптастыруға көмектеседі;
- Мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін сабақ мақсаттарын құру және кеңейту арқылы, мақсаттарды бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- Мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады;
- Мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша пікір береді. Бұл пікір айқын және нақты критерийлерге негізделген болып табылады.
Бұл элементтерді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) негіздеген болатын.
Жалпы оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету дегенді қалай түсінеміз? Барлық мұғалім балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысу керек. Кейбір мұғалімдер түсінбей жатады. Сондықтан жоғарыдағы элементтерді басшылыққа алған жөн. Әр мұғалім күнделікті сабақ жоспарын құруда оқу мақсатын басшылыққа алып, сабақ мақсатын да нақты саралай алуы керек. Мысалы, барлық оқушылар; оқушылардың көбісі; кейбір оқушылар. Оқушы осылай сараланды. Бірақ бала білмеуі керек кім қандай деңгейде екенін. Енді тапсырмалар дайындауымыз керек. Қалай? Барлық балаларға арналған тапсырмалар оңай тапсырмалар болуы керек. Яғни ол тапсырмаларды сыныптағы барлық оқушылар орындай алса дейміз. Одан соң оқушылардың көбісі не басым бөлігіне берілетін тапсырмалар енді сәл күрделірек болуы керек. Ал кейбір оқушылардың тапсырмасы одан да күрделі болу керек. Кейбір балалар сыныптағы дарынды, тaлантты балаларыңыз. Ол оқушыларға шығармашылық тапсырмалар, жоба жасау тапсырмалары берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жерде тапсырмаларды саралауда оқушылардың жас ерекшелігі мықты ескерілуі тиіс, яғни оқушылар жекелеген танымдық дамуын зерттей алса мұғалім. Танымдық даму дегеніміз баланың оқуға деген қабілеттілігі, сондай-ақ зейіні, сөз сөйлеу дағдылары, ойлауы, жадысы (материалдарды қай бала қалай еске сақтай алады), пайымдауы, шығармашылығы. Міне осы жайттарды ескере отырып, сыни ойлай алатын тапсырмалар дайындау керек. Тапсырмалар дайын болды. Енді оны оқушыларға қалай береміз. Осы кезде мұғалімге тиімді әдістер керек. Ол әдістерді таңдауда мұғалім шеберлігі басым роль атқарады.
Жалпы Қазақстан Республикасындағы қолға алған үшінші (базалық) деңгей идеясы мен орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының идеясы болашақта қолдау тауып, іске асып жатса үлкен жетістікке жететініне менің сенімім мол.
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші (базалық) деңгей. Төртінші басылым.
- «Мұғалімге арналған бағдарлама» ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.