Home » Мақалалар » БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

              2017 жылдың 26 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Операциондық жоспарға сәйкес «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік оn-line  конференция өткізілді.
Оn-line конференцияның мақсаты – орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру бойынша өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісу.
Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыс түрінде келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1.Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді меңгерту арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырудың жолдары;
2.Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану;
3.Оқу/оқыту үдерісінде кәсіби шеберлікті арттыру және кәсіби қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің орны
Республикалық Оn-line конференцияға «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ Республикалық, Алматы қалалық, Астана қалалық, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдарының ғалымдары, оқытушылары және Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің, ҚР ІІМ Алматы академиясының, Алматы Жамбыл, Ақмола облыстарына қарасты орта білім беру ұйымдарының  әдіскерлері мен мұғалімдері жалпы саны 80 баяндамашы (тікелей және сырттай) қатысып, аталған тақырып аясында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде тың ойлар айтып,  пікірлерін білдірді.
Оn-line конференцияның Пленарлық мәжілісін модератор — «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Филиалы  «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының  ҒӘЖЖ орынбасары, с.ғ.д., доцент Т.Қ.Ауелгазина ашып, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мемлекеттік тілді дамытудың маңызы» тақырыбында баяндама жасады.
Толқын Құдайбергенқызы өз сөзінде «Кез келген халықтың тағдыры, мәдениеті мен болашағы тіліне тікелей байланысты. Мемлекеттік тіл  халықтың рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі дей келіп,  өз кезегінде тілдің ғылыми негізін меңгеру үшін оның қоғамдық-әлеуметтік мәні мен рухани құндылығы өзара үндескенде ғана жоғары нәтиже беретіндігін айтып өтті. Сол себептен мектептер мен арнайы орта және жоғары оқу орындарының бағ­дарламаларында мемлекеттік тілге бөлінген сағат санын көбейтіп, тілді оқыту әдісте­месінің сапасын арттыра отырып, оны жаңа технология түрлерімен ұштастырудың мәні ерекше» екендігіне тоқталды.
Конференцияға қатысқан баяндамашылар мақаласында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді меңгертудегі жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі мен ерекшелігі, оның ұтымды тұстары сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырудың тиімді жолдары мен кәсіби қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің орны,  қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырған әдеби тілде сөйлеу, сөз мәдениетін көтерудің жолдары қарастырылды.
Конференцияны институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Т.Қ.Ауелгазина қорытындылап,  аталған іс-шара барысында құнды әдістемелік тәжірибелерімен бөліскендері үшін қатысушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, модератор конференцияның материалдары электрондық жинақта «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» сайтында (http://www.orleu-almobl.kz.) PDF форматында жарияланатындығын және қатысушыларға электронды сертификаттар жіберілетіндігін айтып өтті.


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.