Баяндамамды қытайдың бір нақыл сөзімен бастағым келеді: «Маған айтшы мен ұмытып қаламын; маған көрсетші менің есімде қалады; өзіме істетші мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интербелсенді оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интербелсенді әдістер туралы түсінік.
Бүгінгі таңда қоғамда шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсуде. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін интербелсенді әдістемелік тәсілдердің маңызы зор. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интербелсенді әдістерін қолданумен байланысты. Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi» деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)
- сыни ойлау дағдыларын дамытады
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
- бірлескен жұмыс;
- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
- рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
- құжаттар, мұражай т.б.)
- презентациялар,
- тренингтер,
- интервью,
- сауалнама т.б.
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
- Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
- Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
- Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .
- Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
- Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
- Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі:
- Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
- Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)
- Шағын топтармен (3-5 баламен);
- Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
- Балалардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
- Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.
Бастауыш сыныптарда ойын арқылы оқыту тиімді оқыту болып саналады. Сондықтан сауат ашу пәнінен «Бинго», «Ұшты−ұшты», «Аққу ұшты, қайда? Сайға…» «Фишка лақтыру» /фишка бетіне әріптерді жапсырып қою/ «Сымсыз телефон»/топпен ойнау/ Математика пәнінен «Домино», «Ойын сүйектері», «Сулифа», «Дүкенші мен сатып алушы», «Математикалық әткеншек» /түрлі дидактикалық ойындар/ секілді қазіргі заман балалары қызығып, ойнайтын ойындарды сабағыма кіріктіру арқылы оқушыларымың сабаққа қызығушылығын арттыра алдым деп айта аламын. Қазіргі таңда заманға қарай балалардың көпшілігі гиперактивті болып келеді. Соған орай «Сыбырлап оқу», «Сыбырлап сөйлеу» әдісін сабақтарға енгізу қажеттігі жөнінде айтылуда. Осы әдісті сабағымның бір бөлімінде пайдаланып келемін. Оқушылар тыныштыққа үйреніп, қолданып жүрген жаңа әдістерге дағдыланып келеді. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, топтық, жұптық, ұжымдық және деңгейлік тапсырмалар беріп отырамын. Ізденіс және шығармашылық тапырмалар баланы ғылымға жетелейді. Сабақта қолданылатын жағдаяттық, және рөлдік ойындар оқушыларды сөйлеуге, ойын еркін айта білуге жетелейді.
Бұндай сабақтарда мұғалімге көп ізденіс пен шығармашылық қажет. Ашық және жабық сұрақтарды орнымен қолданудың өзі оқушыны сыни ойлауға жетелейді. Әріптерді жаңа бастап жатқандықтан тақтаға буындарды іліп, келесі тақтаға сөз құратамын, сөздерді іліп, сөйлемдер құратамын. Математика сабақтарында түрлі ресурстарды пайдалануға болады. Кубик, домино сияқты ойыншықтарды пайдаланып, өрнектер құрып, математикалық тілде оқуға қазірден дағдаландырып келемін.
Сонымен қатар, интербелсенді әдістердің бірқатарын көрсете кеткім келіп отыр.
«Маршрут» ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.
Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.
«Екі әріп» ойыны.
Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.
«Еске түсіру» ойыны.
Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.
«Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.
«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады
«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
1. «Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2. «Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
Ширату (Оқушыларға ширату түрлерін жасату)
«Он сұрақ » әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
Келешекте өз тәжірибемде :
1. Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді.
2 . Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді
3. Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды
4. Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытамын.
Сулейменова Гульжан Даяровна,
«Көкпекті орта мектебі» КММ,
Бастауыш сынып мұғалімі,
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 4 Бодди Д., Пэйтон Р. Основы менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.
1. топтық жұмыстарда интербербелсенді әдістерді өолданудың рөлі-әдістемелік нұсқаулық
2. Интербелсенді әдіс-тәсілдер. Әдістемелік құрал 2014ж