Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 1-сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 1-сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарындағы білім мен оқыту әдістерінің дамуы және осы негізде жаңа оқу сапасына қол жеткізу білім беру мазмұнынын жаңартудағы стратегиялық міндет болып табылады. “Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы” деп Л.С.Выготский айтып кеткендей, баланың дамуында тіл мен ойды дамытуда алар орны зор.
Бірақ, қазіргі кезде орыс сынып оқушыларының қазақ тіліне шорқақтығы және ойлау деңгейлерінің белгілі бір дәрежеден аса алмай жататындығы олардың жан-жақты дамуына бірден бір кереғар әсер етуде.
Сол себепті білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақта жаңа технологияны қолданып, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдай білу керек.
Білім беру мазмұнынжаңарту жағдайында орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарын беру үрдісінде көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Тілді меңгерту жолында мұғалімнің басты назарында төрт дағдының дамуы алынып отыр: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты ойын түрінде жеңіл өкізілуі керек екені бәріне мәлім. Осыны ескере отырып, мен өз сабақтарымда келесі әдіс-тәсілдерді үнемі қолданамын:
1. Ауадағы көркем жазу.Бұдан қандай нәтиже аламыз? Біріншіден, оқушылардың қолданрын жаттықтыруға мүмкіндік береді, екіншіден, олар әріптің элементтерін жазуды есте сақтайды.
2. Ишарат және ымдасу, саусақ жаттығулары. Бұл тәсілдің нәтижесінде, біріншіден, оқушылар өз денелері арқылы әріпті сезінеді, сол себептен бұл әріп жылдам әрі тез қабылданады. Екіншіден, балалардың денелеріне жаттығу жасалады. Үшіншіден, айтылым дағдысы және артикуляция аппараты дамиды. Сабақ барысында ресурстың бар жоғына қарамастан мұғалім әр жағдайдан шығу жолын табуы тиіс, сондықтан ишарат пен ымдасу арқылы да оқушыны алға жетелеуге болады.
3. Тыңдалым дағдысын дамыту барысында мен сабак үрдісінде (әсіресе, сабақтың басында ) аудиовизуалды әліппеніүнемі қолданамын. Бұл жағдайда тыңдалым ғана емес,сонымен қатардеректі көзбен көру дағдысы да дамытылады.
4. Сабақ жоспарына сай әртүрлі тақырыптағы көрнекі құралдар(карточкалар, суреттер, геометриялық пішіндер). Мысалы, «Сынып бөлмесінің жоспары» тақырыбы бойынша біз әріпімен қоса геометриялық пішіндердің атауларын оқыдық. Балалардың естерінде жеңіл сақталып калуы үшін мен оларға оқытылып жатқан әріпке ассоцация қатарын құрастыруды өтінемін. Сондай-ақ, балалар геометриялық пішіндерден әріпке сәйкес құбылыстарды жинастырады. Бағдарламаға сәйкес ойыншықтар тақырыбы бойынша оқушылар бірқатар сөздерді жаттауы тиіс. Сондықтан тиімді қабылдау үшін мен оларға әр суретті кішігірім өлең жолдарымен жеткіземін. Мысалы, «Доп» сөзімен балалар екі-үш сөзден тұратын қысқа сөйлемдер құрастырады, жаңылтпаштар жаттайды.
5. Ойын жаттығулары — бастауыш буын оқушыларына ең тиімді тәсіл. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Ал бастауыш сыныпта көбіне ойын түріндегі сабақтар тиімді екені белгілі. Баланы ойната отырып ойлау білуге үйрететініміз айдан анық. «Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Ойынға бір жақты көзқарас қате…», — деп А.С. Макаренко айтқандай, ойын баланың психологиялық, физиологиялық қасиеттерін дамытып отырады. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өтейін. Сабақ барысында «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», «Ребусты шеш», т.б. ойын түрлерін пайдалану тиімді. Мысалы, «Көлік», «Саяхатшы» тақырыптарын өту барысында келесі ойын жаттығулары оқушыларға қызықты және тиімді болып табылады: көліктердің дыбыстары аудиожазба арқылы беріледі; оқушылар қандай көлік екенін анықтайды, сонымен қатар сол көлікті ымдаспа арқылы көрсетеді. Көліктің түрлерін ажырату мақсатында «Жүзеді, ұшады, жүреді» ойынын қолдануға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр ойын жаттығулары мадақтау арқылы жүргізіледі.
Қорыта келгенде, 1-ші сыныптарда қазақ тілін меңгерту барысында мен келесі қағидаларды негізге аламын: бейнелілік, көрнекілік және көрсетілім. Осыған орай бұл қағидалар балаларға оқу деректерін тиімді әрі жеңіл меңгеруге, ал мұғалімнің оқу мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Мухамеджанова Асем Куанышевна,
№62 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі,
Астана қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.