Home » Мақалалар » Білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбек демалысы

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбек демалысы

Еңбек демалысы – бұл жұмыс орны мен атқарып отырған лауазымын сақтау арқылы демалу үшін және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан уақытша босату.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына шығу құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдеген құқықтар санатына жатады. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін әрбір қызметкер ақы төленетін жыл сайынғы демалысқа шығуға құқылы. Яғни, еңбек демалысына шығу құқығы еңбек құқығы қатынастарымен катар туындайды.
Еңбек демалысының шарттары мен ұзақтығы жұмыс орнына, еңбек өтіліне, атқарып отырған лауазымына қарай айтарлықтай өзгешілікке ие болуы мүмкін, олар еңбек және ұжымдық шарттармен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі — ЕК)  87 б. 1-т. сәйкес жұмыскерлерге  демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
— жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
— әлеуметтік демалыстар.
ЕК-нің 88 бабына сәйкес егер осы Кодексте, ҚР өзге  де нормативтік құқықтық актілердінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы берілетіні айтылған.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 53 бабы негізінде педагог қызметкерлер үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы қарастырылған:

  • 56 күнтізбелік күн – орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін;
  • 42 күнтізбелік күн – оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін.

Педагог қызметкерлердің еңбек демалысы, олардың оқу жүктемесінің көлеміне байланысты емес. ЕК-ң 70 бап 2 тармағында  толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін осы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын шектеуге әкеп соқтырмайды деп айтылған.
ЕК-ң 92 бабына сәйкес еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қызметтерді қоса атқаратын қызметкерлер негізгі жұмысы бойынша еңбек демалысына шыққан кезде қоса атқаратын жұмысы бойынша да еңбек демалысына шығуға құқылы.
Штаттан тыс қызметкерлер ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына жалпы негіздерде шығады.                                             Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Еңбек демалысын беру, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыстыру не шақыртып алу жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.

 

 

 

Г.С.Аринова
 «Өрлеу» БАҰО» филиалы
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ ӘҮМБ-ң
бас маман-заңгер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.