Home » Балабақша » Білім беру жүйесін жаңартуда педагогтардың құзіреттілігін дамыту

Білім беру жүйесін жаңартуда педагогтардың құзіреттілігін дамыту

Адам кәсібилігінің қажетті құрамдас бөлігі кәсіби құзыреттілік болып табылады.

Құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін – өзі өзгерте алу қабілеттілігі.

Педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеруде, Т.А.Горюнова және Н.Ш. Королева кәсіби құзырлылықтың 3 негізгі құрамдас бөлігін атап көрсеткен;
1. Адамның өз жұмысына қарым-қатынасы, оның еңбекке бағыты, еңбекке деген қызығушылығы, жігері.
2. Кәсіпке деген қабілеті (туа біткен қабілеті, бейімділігі).
3. Кәсіби қызметі үшін қажетті білімді меңгере білуі.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Бүгінде педагогтың кәсіби құзыреттілігін бағалаудың көптеген классификациясы бар. З.М. Цветкова төмендегідей моделді ұсынады:

  1. Педагог өзін түсінбейтінін көре бастайды.
  2. Педагог нені түсінбейтінін көреді.
  3. Педагог оны неге түсінбейтінін түсінеді.
  4. Педагог не істеу керектігін біледі, оны түсінетіндей әрекет жасайды.
  5. Қысқа уақыт ішінде түсінуге қол жеткізеді.
  6. Аз уақытта түсінуге қол жеткізе отырып, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Педагогтің мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тікелей басшылыққа алатын негізгі құзіреттілік түрлері: инновациялық технологияларды пайдалана білу құзіреттілігі, құндылық түсінігі құзіреттілігі, жалпымәдени құзіреттілігі, танымдық-тәрбиелік құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілік, әлеуметтік-қызмет құзіреттілігі, жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік.

Еліміздің өркен жайып, биікке самғауы үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Бала тәрбиесінде тәрбиеші жан–жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық иесі, халықтық дәстүр, әдет ғұрыппен, салт — сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс, әсіресе осы кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып табылады. Педагогтің кәсіби біліктілігі өз кезегінде оның жеке педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, таным түсінігі, тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі т.б жатады. Олар жаңалықтың жаршысы ретінде оқытудың тәсілдерін, озық тәжірибелерін сараптап, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы талап етіледі. Мамандардың кәсіби қалыптасуы, бағыт-бағдар алуы, балабақша өміріне бейімделуі мен машықтануы және педагогикалық интелект, қызметтің жеке өзіндік стилі, кәсіби шеберлігінің шыңдалуы мен еңбекке шығармашылық қабілеттері, ынта-ықыластарының арта түсуіне байланысты болмақ.

Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін, педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы жаңа қатынас құрылымын игерген, жан-жақты даярлығы жеткілікті маман даярлау қажеттілігі туындайды. Кәсіби педагогикалық білім беру мамандар даярлауға қойылатын талаптар: Жалпы даярлығы: Тәрбиеші: негізінде философиялық және мәдени тұжырымдар жатқан білім беру парадигмасының тұжырымдамасын білуі тиіс;

— жалпы психология негіздерін, педагогика негіздерін, іс-әрекет теориясын білуі тиіс; мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс; шет тілін кәсіби қажеттілігіне қарай білуі тиіс; табиғаттың, қоғамның, адам өміріндегі өзгерістерді тұжырымдай отырып, техникалық дамудың қарқындылығын сезінуі тиіс; ақпараттық коммуникативтік технологияны еркін игеруі тиіс;

— оқытудың техникалық құралдарын меңгере білуі тиіс. Кәсіби даярлығы: — жас және жеке ерекшелік психологиясын; — педагогика тарихын; — педагогиканы; — түзету педагогикасының негіздерін; — тәрбие теориясын; — қазақстанның қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді; — педагогикалық технология мен әдістеменің мәнін ажырата білуі; — саралап оқытуды, жобалау әдістерін, денсаулық сақтай оқыту технологиясын; — тұлғалық-бағдарлы оқыту, құзіретті бағдарлы оқытудың академиялық, прагматикалық, құрылымдық тәсілдерін білуі; — ақпаратты сақтау, талдау, жеткізу негіздерін білуі; қосымша білім беру бағыты бойынша білім беру саласының мазмұнын білуі; — қосымша білім беруді іске асыруға мүмкіндік беретін жекеленген әдіс-тәсілдерді білуі; — бағдарламаға, оқу-әдістемелік кешенге талдау жасай білуі; сондай-ақ, дидактикалық материалдарға, электронды тасымалдау тәсілдеріне талдау жасай білуі; — педагогикалық зерттеу жүргізе білуі; — тренинг ұйымдастыруға және өткізуге икемді болуға; — элективті курстың жеке бағдарламасын жасай білуі; — элективті курстар мен қосымша білім беруге қажетті дидактикалық материалдарды әзірлей білуі тиіс.

Қорыта келе, педагог өзінің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде мына мәселелерге: білім мазмұнын жаңарту жолдарын анықтай алуға; бағдарлама бойынша жаңартылған білім мазмұнын игертудегі тәрбиешілердің қызығушылықтарының болуына; қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруге; білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуге; тәрбиешінің білім мазмұнын жаңарту мәселесіне қатысты теориялық, әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуына; мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды таңдай алуға; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен, қызығушылық пен қабылдауға; балалармен жүргізілетін ойын, еңбек, оқу іс- әрекетінің міндеттерін жүзеге асыруға, талдау жасауға, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуға; шығармашылықпен болжам жасай білуге, нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назар аударуы қажет.

Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жете алады.

Мамекова Ұлтуар Мухамеровна

№7 ясли- бақшасының меңгерушісі

Талдықорған қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.