Home » Жаңалықтар » Білім беру жүйесіндегі блокчейн

Білім беру жүйесіндегі блокчейн

Білім беру жүйесінде құжаттардың қағаз нұсқаларын (күнделіктер, аттестаттар, дипломдар) сақтауда бір мәселе бар, ол — белгілі бір құжаттарға өзгеріс енгізу, оларды бүлдіріп алу немесе жоғалту қаупі.

Айталық, оқушы жеке іс-қағазын жоғалтқан жағдайда,  оны қалпына келтіру үшін тек оқушы ғана емес, жалпы мектеп те біраз уақытын жұмсайды.

​Блокчейн – әрқайсысында өшіруге немесе өзгертуге болмайтын ақпараттар сақталған блоктар тізбегі. Яғни, жаңадан құрылған деректер қорында оқушының не студенттің барлық бағалары, біліктіліктері, жеке жетістіктері туралы ақпараттар сақталады. Бұл жүйеде оқытушы туралы пікір қалдыруға да болады. Блокчейнге енгізілген ақпаратты өшіру, жоғалту немесе қайта жасау мүмкін емес. Мысалы, оқушы басқа оқу орнына ауысатын болса, бірыңғай жүйенің арқасында оқушының білім алуы бойынша деректер қолжетімді болады. Білім жүйесінде блокчейн деректердің абсолютті нақтылығына және олардың өзгеруінің мүмкін еместігіне кепілдік береді.

Блокчейнді орта, жоғары және қосымша білім берумен қатар, білім берудің ерте кезеңінде, мысалы, балабақшаларға да енгізу керек. Нәтижесінде, барлық ақпараттың блокчейнде сенімді түрде жазылуы есебінен оқушының оқудағы жетістіктері өмір бойына қолжетімді болады.

БҒМ Баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.