Home » Жаңалықтар » Білім беруді жаңғырту жағдайында оқыту әдістемесін жаңарту

Білім беруді жаңғырту жағдайында оқыту әдістемесін жаңарту

2017 жылдың 31 мамырында ОҚО білім беру басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен ОҚО ДСБ «Шымкент медицина колледжі» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.

Аталмыш семинарға ОҚО Білім беру басқармасының басшылары Р.М.Себепова мен Н.А.Қалиева және облысымыздың медициналық колледж директорларының орынбасарлары, әдіскерлері мен жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Семинардың басты мақсаты: медициналық колледждердің оқытушыларын пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдарымен таныстыру; оқу-әдістемелік жұмыстардағы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеге енгізе отырып, әдістемелік іс-шараларды тиімді ұйымдастырып, оқытушылардың кәсіби біліктілігін көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру; оқытушылардың озық тәжірибесін насихаттау мен тарату және оқытушы мен студенттердің арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға, бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Сондай-ақ, бүгінгі «Пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары» атты облыстық әдістемелік семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен оқытушылар, бүгінгі таңда сабақ барысында қолданылып жүрген әдістері мен шеберліктерін дамыта отырып, тәжірибелік және теориялық сабақтарын ұсынды.

Атап айтқанда, оқытушы Ералиева Н.М. тәжірибелік сабағында «Аквариум» және жас оқытушы Асылхан А.М. «Фрайер» әдістерін қолданды. Сонымен қатар, оқытушылар Есенбекова Л.У., Абдукасымова З.А. және Жантасова Б.Қ. командалық тәжірибе сабағында «Телекөпір» әдісін қолданып, ағылшыш тілінде өтті. Теориялық сабақтарында оқытушы Есенбаева Ұ.Е. «Блум таксономиясы» әдісімен «Kahoot.it» «On-line» жүйесінде, ал оқытушылар Есенбекова А.М. мен Ақылбаева М.Б. бинарлық сабағында «СТО», «Блум таксономиясы» әдістерін ұсынды.

Семинарға қатысушылар білім берудің оқыту, тәрбие және дамыту міндеттерін талқылап, ұйымдастырушыларға — облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшыларына, колледж директоры С.О.Пакеевке, әдіскерлерге және сабақ өткізген оқытушыларға алғыстарын айтты. Соңында, барлық қатысушылар бір ауыздан мұндай тәжірибемен алмасу әдістемелік іс-шараларын жалғастыру және жиі өткізіп тұруға шешім қабылдады.

Шымкент медицина колледжінің әдіскері М.Н.Жұмашев 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.