Home » Мақалалар » Білім  берудегі  ізгілік  бастауы –рухани адамгершілік құндылықтарда

Білім  берудегі  ізгілік  бастауы –рухани адамгершілік құндылықтарда

Кульниязова  Айжан  Сисенқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін
арттыру  институтының «Деңгейлік бағдарламалар орталығының
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренер

 

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі жас ұрпақты  жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік қағидаттарға ие, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, рухы биік, ар – ұятты өз жүрегінен табатын зияткер ұлт қалыптастыру болып табылады. Білім беру арқылы біз өз қоғамымызда рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуымыз, сол үшін адам бойындағы туабіткен қабілеттерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік жасауымыз қажет.  Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің адамдық келбетінің, азаматтық бейнесінің жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де,жауапты сала, ол-білім беру жүйесі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.  ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары, рухани жан дүниесі таза ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең ізгі қайырымды әрекеттеріміз.

«Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»,- деп Елбасы     Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей,жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның жеке тұлғалық әлеуетін  мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік жанды білім беру,  ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру» атты мақаласында ұлттық сана, ұлттық біркелкілік жалпыадамзаттық құндылықтарды қайтадан жаңғыртып адамзат бойында дамытуға ықпал ету бүгінгі күннің басты жаңалығы деген. «Заманымен басталып жатқан Жүрек пен Рухани заманының тоғысында мәртебелі рухани және адамгершілік құндылықтар жаңғыруда, құндылықтарды саралау жүзеге асуда, білім саласы жаңарып, руханилық, гуманизация және гуманитаризация  жағына, тұлғаны дамытуға арналған жүйелерді іздеуге бет бұрылды»- бұл жоғалтқандарымызды қалпына келтіруге мүмкіндік  жасайды деп ізгі жүректі педагог Ш.А.Амонашвили өз ойын түйіндейді.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі сан қырынан қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қадағалау болашақ ұрпағымыздың өз жолын айқын анықтауына салынар сара жол деп өз еңбегінде елбасы атап көрсетті.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Іс жүзінде әрбір адам мен  өзінің жандүниесін дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану–рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі деген.  «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы. «Өзін-өзі тану» жобасын дүниеге әкелуі, оны барлық білім саласында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы, құнды да қажетті іс. Бұл Сара Алпысқызының еліміздің дамуын, болашақты ойлаған көрегендігінің белгісі. Жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі жүрек үнін түсініп, өзгені танып, білуі болып табылады.Аталмыш пән оқушыны тек махаббатқа, шабытты шығармашылыққа, рухани — адамгершілікке баулиды. Адамгершілік адам өмірінің рухани негіздерін құрайды десек, адамгершілік мәселелеріне ойшылдар өте ерте кезден-ақ назар аударған. Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани–адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббаты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі. «Өзін-өзі тану» пәні–қазіргі қоғамда өте керекті пән.Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Күн тәртібіне қойылып отырған ұрпақ тәрбиесін жан-жақты дамытып, баланың ішкі жан дүниесін тану арқылы өмірдің маңызы мен мәнін пайымдауға, өзіндік «менін» қалыптастыруға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәнінің қайнар бұлағы–ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан нәр алады. Құрылымымен дара «жағымды көңіл күймен басталып, адамзаттың өз жанынан тыныштық табатын сәтінен» бастау алып, «Жүректен жүрекке» кезеңімен аяқталатын бұл пән қырық бес минут ішінде әр баланың бойына жылылық, мейірімділік, сүйіспеншілік сынды асыл қасиеттерді орната біледі. Сонымен қатар сабақтың өзіндік ерекшелігін байқататын, сабақ құрлымының ерекшелігін айқындайтын «Ақиқат»,«Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Тыныштық», «Қиянат жасамау» құндылықтары мен тәрбиеге негізделген қасиеттер балаларды шындыққа (ойын еркін айтуға), достыққа, сүйіспеншілікке, яғни сабақ барысында кездесетін әр айдар бала бойына жалпы адамзаттық құндылықтардың дәнін себеді. Бұл құндылықты қайдан аламыз деген сұраққа сабаққа таңдалған мәтін мазмұнын ашатын халқымыздың аңыз–әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері, ұлылардың ұлағаты ойлары, ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы оқиғалар адамзатты тәрбиелеуде басты ұстаным етіп ұстануға болады. Әрбір жеке тұлға, өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша отырып өзін — өзі танып біліп көкрек көзін ашуға жұмылдырады.  Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар – білім негізі және оның өзегі  болып табылады. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды  іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адамзат ізгілік нұрымен нұрланса, сол нұрды өзінен шығара алса ұрпақ үшін алаңдамауға болар еді. Ізгілкті білім жүректің үнін түсіне білуге тәрбиелейді.Ізгілік–білім үшін;Білім–өмір үшін;Өмір–сүйіспеншілік үшін; Сүйіспеншілік–адам үшін; Адам–руханилық үшін; Руханилық–тыныштық үшін; Тыныштық – бейбіт өмір үшін.

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, оларды адами ізгі қатынастарға үйретуде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің орны ерекше.Ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби: «Ұстаздық мінез–құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді»,-деп нағыз ұстаздың бейнесін осылай береді.

Жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болуына да себепші, нағыз ұстаз. Сол себепті жүрегі жалындаған әр баланың бойынан ата-аналардың нендей адами қасиет күтетінін бағымдап, шәкірт жүрегіне адамдық жолды анық салатын да мейірімді ұстаз. Рухани – адамгершілік тәрбие риясыз сүйіспеншілікпен берілсе, мейірімділік пен қайырымдылық–отансүйгіштік пен патриоттық сезім, еңбексүйгіштік пен білімділік, сұлулық пен әсемдікке құштарлық, адалдық пен шыншылдық орнап отыратынына  көзіміз жететін болады.Осы жалын отын лаулату біздің, яғни, «Өзін-өзі тану» мұғалімінің көтерер жүгі екендігін еш уақыт естен шығармауымыз керек. Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!…» деп атап айтқанындай     қазақ халқы табиғатынан кең пейілді, барлық адамды бауырым деп риясыз сүйіп, ешкімге қиянат жасамай,ұрпағын жамандық шақырмай «тек»-пен тәрбиелеп,ізгілік нұрын өзінің және өзгенің жүрегіне жеткізе білгені,бүгінгі ұрпақтың аман-есен біртұтас ынтымағы жарасқан ел болуының өзі рухани асыл қасиеттеріміздің әлі де болса сақталуынан шығар. Бүгінгі күнде рухани адамгершілік тәрбиесі қандай деңгейде? Ең бірінші, адамның ішкі жан дүниесі рухани бай болу керек. Ондай адам қанағатшыл,қиянат жасамайтын,ақиқат жолмен жүретін,өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын адам боп тәрбиеленеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өзін тәрбиелей алған жеке тұлға өз болмысынан тыныштық тауып, түпкі санасын тазалаудың  жолын ашып, жүрек тілін түсініп, өзін де, өзгені де нұрға  бөлейтін жаны жайсаң АДАМ. Мысалы: Януш Корчак нағыз жүректі мұғалімнің үлгісі. Ол жүрегін тек балаларға арнаған. Бала тәрбиесіне көп әдіс –тәсіл қалдырған. Үлкендер балаға ашуланбауы керек,  өйткені бұл баланы түземейді  керісінше  бұзады. Пәк таза бейкүнә киелі балалықты қадірлеңдер! —  деп Януш Корчак барлық мұғалімге осы бір ұлағатты сөзі арқылы үндеу тастап тұрғандай әр мұғалім  сезіне, түсіне  білуі керек .  Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі жандүниесін ашып, жүрегіне жол табу, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік қасиеттерінің  мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.  Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да деген  Адольф Дистервег. Мұғалім мамандығы — шабытты еңбек. Шеберлік шыңы–баланы танымның қызықты үдерісіне ендіру, ізденіске, жаңалыққа ұмтылдыру.Ол үшін “су ағатын құбырда флейтада ноктюрн” ойнай алу маңызды. Мұғалім адамзатты тәрбиелеуде басты тұлға. Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең құнды  рөл берілген. Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам. Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді. Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады. Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе, ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім ата-анасы сияқты оқушыны сүйсе, онда ол бүкіл кітапттарды оқып шыққан мұғалімнен де артық болады, бірақ өз ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілік танытпайды. Егер мұғалім  өз ісі мен оқушыға сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім деп тұжырым жасайды Лев Толстой. Жақсылық жасау, жақсылыққа үйрету, қиындықпен мақсатқа қол жеткізу,сүйіспеншілікпен ақиқатқа қызмет ету – міне, осы даналық. Мұғалімге арналған бір ғана ереже бар, сол ереже адамзатты тәрбиелеуде басты ұстаным болу керек. Ол ереже: Басқаларға үйреткеніңді, алдымен өзің орында. Мектепті емес, мұғалімнің  рухани дүниесін реформалау қажет, егер мұғалінің жүрегі реформаланса онда кез –келген мектептің есігіндегі тұтқа, көрнекі құралдары, барлық бұрыштары ізгілік болып, мейірім болып, нұр болып бар адамзатқа жүректің нұры болып шашылып тұрар еді. Барлық АДАМ сол нұрдан нәрленер еді. АДАМ –табиғатынан қайырымды, ізгілік нұрын себуге жаратылған. Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек.Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі. «Руханиатсыз білім жоқ!» «Руханиатсыз және рухани білімсіз ғылым – аса қауіпті және бос. Сондықтан да зайырлы және рухани білімдердің бірлесуі қажет.

Қорыта айтқанда, әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді.Адам жағымды қасиеттерін ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін – өзі тәрбиелейді. Өз бетімен танып білуге құштарлану, талпыну, іздену адам көркі мен мінезін шынықтырып, шыңдайды.Өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге ұмтылдырып,талпындырады.Сондықтан ізденіп, алдымызға қойған мақсатымызға жетейік. «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелей отырып, осы қоғамда өзіндік «менін» табуға жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.С.Сейтаков.Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері.Алматы.2006

2.Б.А.Тұрғынбаева.Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Жобасының авторы – «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаева Өмір әдебі

3.Рухани-адамгершілік білімнің философиялық тұрғысы (А.Н.Нысанбаев және Г.Г.Соловьеваның тұжырымдамасы)

4.Большая книга игр.- М.: Эксмо,2007.512с

5.«Бала тәрбиесі» журналы, №1,2 . 2011ж

6.Жастар көшбасшылық клубтарына  арналған оқу құралы-Н.Куликовских, Алматы, 2011. 76 б

7.Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану (Ұлттық тәлім-тәрбие) Алматы.:Атамұра,1996,-224б.

8.Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары-Қ.Жарықбаев

9.С.Сатыбаев . Халық әдебиетінің  тарихи  негіздері – Алматы:1992

  1. «Самопознание kz» журналы №4,5.2012ж  №8,2013ж

11.Үйретушіге арналған «Маңызды жолда таңдай отырып» әдістемелік құралы- Куликовских Н, Шестиперова И- Атырау,2010.178б

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.