Home » Баяндамалар » Білім берудегі жаңа өзгерістер

Білім берудегі жаңа өзгерістер

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажеттігін тудырды [1]. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арқылы мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындау жұмыстары дер кезінде басталды. Өйткені, ХХІ ғасыр ұрпағын бұрынғы бір сарынды дәстүрлі әдіспен оқыту мүмкін емес.

Сонымен бірге бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалімнің атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр [2].

Білім саласындағы бұл өзгеріс жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне кәсіби дамуға итермелегені сөзсіз. Қазіргі уакытта әлемдік көштен қалмай ілесу мұғалімдерді көп ізденуді, өз тәжірибесін үнемі дамытуды, біліктіліктерін арттыруды талап етіп отыр. Осы мақсатта біздің елімізде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.  Бастамасы ретінде атап айтсақ, 2012 жылдан басталған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж Университеті білім беру Факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың курсының деңгейлі бағдарламасы аясындағы үш деңгейде педагог қызметкерлері дайындалды. Сол жаңа бетбұрыстың қатарында 2013 жылы өзім де осы деңгейлік курстың бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын оқыдым. Онда бізді дайындау барысында мектептегі тәжірибеден кейін ойланыңыз, өзгерістер қандай деңгейде болды: Сіз өзіңіз өзгердіңіз бе? Неге және қалай? Сіздің оқытудағы тәсілдеріңіз өзгерді ме? Қалай және неге? Сіздің оқушыларыңыз өзгерді ме? Қалай және неліктен? Олардың ата-аналарының қатынасы өзгерді ме? Мектеп деңгейінде қандай да бір өзгерістер енгіздіңіз бе? деген сұрақтармен жетелей отырып, әлем өзгерісімен бірге біздің білім саласында да өзгерудің керектігін түсіндірді. Оқыту мен оқу үдерісіндегі заманауи тәсілдерді пайдалануға, сабақтарды жаңаша жоспарлауға, білім саласындағы озық теориялар мен өз тәжірибелері туралы ойлануға көмектесті және ынталандырды. Өзгерістер тек мұғалімнің өзінде ғана емес, сынып, ата-ана, мектеп көлемінде жүреді. Сыныпта 25-30 оқушыдан отырады. Олардың барлығы болып жатқан оң өзгерістерді бағаласа, мұғалімдер тек ынталана түседі. Деңгейлік  біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мұғалімдер өз кәсіби іс-әрекетін «ескіше» жалғастыра алмайды, керісінше, Бағдарламаның жеті модуль идеяларын тиімді қолдану арқылы ХХІ ғасырда оқушыларға қажетті дағдыларды игереруге көмектеседі.

Өзгеру дегеніміз қазіргі балаларды бірлескен топта, жұпта жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушылар арасында өзара  адал, сыйластыққа, сенім мен қолдау көрсетуге негізделген қарым-қатынас орнату жолдарын қарастырады. Бұл  тек білімге ғана емес оқушыларды болашақта да ол дағдылардың ішінде сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды өзара шешу, кез-келген жағдайға бейімделуге қабілетті болу, жігерлілік, ауызша және жазбаша коммуникацияның тиімділігі, ақпаратты тауып оны өңдеу, әуестену мен қиялдау сияқты құндылықтарға жетелейді.

Қазіргі мұғалімнің міндеті – оқыту үдерісіне 7 модульді — алып технологияларды  кіріктіре отырып, әрбір оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытып қана қоймай, сонымен бірге шығармашылықтарын арттырады және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі реттеуі, өзіне деген сенімділігі және айналасына дұрыс көзқарасы қалыптасады. Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға, сыни тұрғыда ойлана өзін-өзі бағалай  білуге дағдыланады.

Бұл дегеніміз, мұғалімдер тек оқытып немесе жаздырып, түсіндіріп қана қоймай оқушыларды өзгелердің ойлары мен пікірін бағалауға, оған сыни ойларын білдіруге дағдыландырады. Олардың жұмысына бірдей көңіл бөледі, әрі олардың ұсынған идеяларына жауап беруге ұмтылады. Талқы жүргізуге және топта орындалатын тапсырмаларға барлық тыңдаушылардың қатысуын қолдап, ынталандырып отырады.

Қорыта айтқанда, дәстүрлі білім беруде оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі жаңа әдістің, сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады.

Пайданылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы» МАН.  (Schleicher А. 2012)
  1. Barber, М., Mourshed, М. & McKinsey., (2007). Report «Consistently high performance:Lessons from the world’s top performing school systems». [Мектепте орнықты жоғары сапалы оқытуға қалай қол жеткізуге болады].

 

Н.Ж.Дүйсенбаева
№80 мектеп-гимназия мұғалімі,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.