Home » Мақалалар » Білім бастауы – бастауышта

Білім бастауы – бастауышта

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамытуы тиіс. «Білім бастауы – бастауышта» – дегендей, гимназияның бастауыш сыныптарында тәжірибесі мол, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, шығармашыл, әрі өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын 10 жоғары білімді, білікті мұғалім еңбек етеді.

Сапа құрамы бойынша:

Жоғары санатты – 4 мұғалім;

Бірінші санатты -4 мұғалім;

Екінші санатты – 2 мұғалім жұмыс істейді.

Бастауышта барлығы 10 класс-комплект, мұнда 216 оқушы білім алады.

Мектеп есігін алғаш ашқан бүлдіршіндерді мектеп өміріне, ережесіне үйретіп, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушыларды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз: Рахимжанова Апидаш Муратовна, Кабдылова Альфия Мажитовна, Адылханова Анар Мухамедовна, Шаланова Гульмира Тлектесовна, Адилова Еркем Алдонгаровна, Рсаева Акжаркен Досмагамбетовна, Ещанова Айнұр Тасболатовна.

Бұл мұғалімдер – үнемі өз бетінше білім алуға құштарлығын оятып, шығармашылықпен ізденуге жұмылдырады. Әр мұғалім өз білім жетілдіру тақырыбы аясында шығармашылық деңгейде жұмыс атқарады. Бұған дәлел – бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздарының облыстық, республикалық және халықаралық нәтижелері мен әр бағытта құрастырылған авторлық бағдарламалар, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы. Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері үнемі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие.

Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады: «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, бастауыш сынып мұғалімі де үнемі ізденісте.

Білімді және білікті ұстаздардың арқасында қыздарымыз биік шыңдардан көрінетіне сеніміміз  мол. Бала жанының бағбаны – Ұстаздарға тек еңбектеріңіз ақталсын, дегіміз келеді.

СКОКОВА Алия Солтановна,
Екібастұз қаласы
№ 25 қазақ қыздар гимназиясы
директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.