«Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тренингі:
Жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау және педоготардың қоғамдағы беделін көтеру мақсатында «Білім айнасы » газеті мен журналының тілшілері Мадина Серікқызы мен Абай Сәдібекұлының бастамасымен ұстаздарға «Білім айнасы» туралы толықтай мәлімдеме жасады: Бүгін 19 .03. 2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласы Ә. Молдабаев мектебінде «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тренинг сабағы өтілді.
Арыс қаласына қарасты ауыл мектептерінен әртүрлі пән ұстаздары мен Арыс қалалақ білім бөлімі әдескерінің қатысуымен өткен семинарда мақала жазудың қыр сырымен таныстық. Тренинг соңында сертификатқа ие болып, сертификат арқылы көптеген жеңілдіктермен таныстық. Сондай – ақ ғылыми шығармашылық жұмыспен айналысып жүрген ұстаздар мен оқушыларға да мүмкіндігі жайлы айтылып өтілді. Тренинг сабағы өте тартымды, қызықты , және де ұстаздар белсене қатысып, сұрақтар қойылып жауаптар тыңдалып, керекті мағлұматтар алдық.
Мәселен: сайтқа қалай кіру керектігі, сонымен қатар мақала немесе сабақтарды қалай жіберу керктігі жайлы түсіндірді. Мақала жазу үшін қалай бастау керектігі жайлы таныстырып өтті мәселен: Мақаланың міндеттері , мақаланың түрлері, мақаланың құрлымы ,тақырыпқа байланысты суреттер және кері байланыс жазатыны туралы да айтып өтті. Ана тілінде мақалдап тәрбие төңірегінде педагогтардың беделін көрсету мақсатында шеберліктерін шыңдау туралы өрбітіп таратты. Сабақ өте қызықты да, әсерлі өтті.
Семинар соңында кез келген еркін тақырыпта мақала жазуды топпен жасауға ұйымдастырды. Әр топтан бір бір ұстаздан шығып мақала оқып талдап сұрақтар қойылды. Келген ұстаздар өздеріне керекті ақпараттар мен жаңалықтарға қоржындарын толтырып кеткені жайлы айтылды.
Бүгінгі «Білім айнасы» газеті арқылы ұстаздар өздерінің шығармашылығын, ғылыми жобаларын осы баспа арқылы шығара алатындығы және бұл мұғалімдерге үлкен көмек болғанын тілге тиек еттік. Нарықтық заманда тегін семинар сабақ өтіп, ұстаздарға қолдау көрсетіп саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытында бастама беріп, тың жұмыстар көтеріп жүрген осы баспаның ізгілікке толы жұмыстары ұстаздар үшін үлкен қуаныш.
Осы ақпаратты бөліскен «Білім айнасы» газетіне алғыс және де шығармашылық табыстар мен оқырмандарының көбейуіне тілектеспіз.
Мамыр Жанна, Хасенова Гүлжамила, Таупаева Маржан
Түркістан облысы, Арыс қаласы
С.Ерубаев жом