Home » Жаңалықтар » “Білім айнасы” Талапкер ауылында

“Білім айнасы” Талапкер ауылында

              7-ші ақпан күні Астана қаласы маңындағы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылына іс-сапармен барған болатынмын. Басты мақсат «Әсем-Ай» балабақшасының тәрбиешілеріне «Білім айнасы» газеті мен сайтының жұмысын таныстыру. Таныстырылым ойдағыдай өткен болу керек «Білім айнасы» ұжымының ойластырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында тренингке қатысушылар табылды. Тәрбиешілер мақала жазудың қыр-сырымен танысып, сертификат табысталды.
Кездесу соңында балабақша әдіскері Айнагүл Өсербайқызы балабақша тынысымен таныстырды. Балабақшада 16-шы ақпан күні өтетін «Әжем айтқан ертегі» атты сайыс жайында әңгіме болды. Бұл сайыстың басты мақсаты ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт­­-дәстүрлерімізді дәріптеу болғандықтан, сайысқа ауыл  әжелері қатысады екен.


Әлібек ҚУАНЫШ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.