Home » Айтарым бар » Білім айнасы газетіне 5 жыл

Білім айнасы газетіне 5 жыл

Ақпарат айдынында 5 жылдан бері жарыққа шығып келетін, ғылыми – танымдық «Білім айнасы» газеті оқырмандардың сүйікті басылымына айналып үлгірді. Қазіргі уақытта қоғамды алға дамытатын, рухани құндылықтарды адамзат бойына сіңіру үшін баспасөздің маңызы өте зор. «Білім айнасы» газеті аз уақытта еліміздің ұстаздарына әдістемелік көмекші құрал және өзара тәжірибе алмасудың алаңына айналды.
Осындай ел бірлігін нығайту, адамгершілікті баянды ету жолында көпшіліктің көз айымына айналған басылымдардың көбеюі көңілге қуаныш ұялатады.
Құрылғанына 5 жыл толып отырған іргелі басылым «Білім айнасы» газеті ел өмірінің әр саласынан қызықты да тағылымды мақалалар, құнды деректер жариялап, ел ықыласына бөленіп келеді. 5 жылда үлкен табыстарға жеткен «Білім айнасы» газеті еліміздің рухани дамуына сүбелі үлес қоса береді деп ойлаймын.  Алдағы уақытта «Білім айнасы» газеті тарих пен мәдениетті, тіл мен дінді, әдеп – ғұрып пен салт – сананы ұрпақ жадында қалыптастыруда берік, орнықты ойы бар, тұрақты оқырмандардың сүйікті басылымына айналсын деп, ел игілігіне қызмет ете беруіне тілектеспін.
«Білім айнасы» газетінің ұжымына қаламдарыңыз ұштала берсін, еңбектеріңіз халықтан қолдау тауып, мерейлеріңіз үстем болсын. Сіздердің алдағы уақыттарда да шығармашылық жұмыстарыңызды жандандырып, ұрпақ тәрбиесіне қажетті толымды еңбектер жасай береді деп сенемін.

 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қызылорда облысы бойынша
ПҚ БАИ директорының
орынбасары, т.ғ.к   С.К.Серікбаев

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.