Home » Мақалалар » «Білім айнасы» — Ангарата мектебінде

«Білім айнасы» — Ангарата мектебінде

Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында қазан айының бесінші жұлдызында «Білім айнасы» Республикалық ғылыми танымдық газеті баспасының журналисі Алдабергенова Мадинаның «БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс» тақырыбында Төлеби ауданы Ангарата мектебінде бір күндік семинар болып өтті. Семинардың мақсаты мұғалімдердің кәсіби шығармашылығымен қатар, БАҚ беттерінде өз еңбектерін жариялау және әріптестерімен ой бөлісу. Семинарға шығармашыл, ізденімпаз, жаны жаңашылдыққа құмар білікті ұстаздар қатысты.

Қазіргі заман талабына сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте, кәсіби білікті болуы тиіс.

«Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік» — деп Абылай хан айтқан даналық ойды еске ала отырып, ертеңгі күннің болашағы бүгінгі ұстаз бен шәкірттен басталмақ деген ой түйеміз.

ОҚО, Төлеби ауданы, Ангарата ауылы

Ангарата ЖОМ мұғалімдері: Алмаханова Назира

Сейдуалиева Пернеш

Майлыбаева Индира

Омарова Эльмира

Касимова Нүрзия

Кульбаева Насихат

Дүйсенова Мөлдір

Жүзбаева Жангүл

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.