Home » Мақалалар » Білімнің бастауы-балабақшада

Білімнің бастауы-балабақшада

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар… Еліне еңбегі сіңген замандастарымыздың жетістіктеріне назар аудара қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген.

Сондай-ақ, биылғы «Төртінші өнер-кәсіптік революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында да жеке тараумен «Адам капиталы – жаңғыру негізі» дей отыра барлық өзгеріс адамға байланысты екенін айшықтай көрсеткен. Расында солай. Өмірдегі барлық жаңалық, жетістік иесі – адам. Ендеше, адамға көңіл бөлу, оқыту, тәрбиелеу, дамыту – әр мемлекеттің басты да басым бағыты, маңызды мақсаты.

Әрине, жаңалық негізі – білім. Білімдінің мыңды жығатынын бабаларымыз ертеде айтып кеткен. Білімсіз ғылым, ғылымсыз жаңалық болмайды. Жаңалықсыз еш нәрсенің өзгермейтіні, еш мемлекеттің дамымайтыны белгілі. Көшбасшы осы бір мемлекеттік құжатында мұғалімдер мәртебесін көтерудің кейбір тиімді жолдарына да көңіл бөлген.

Кез келген мемлекеттің білімді жетілдіріп, өркениетті және жүйелі дамуы сол елдің Ата заңы-Конституциясына байланысты. Еліміздің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары енетін еліміздің заңының жалпы ережесінде бекітіп, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіруге заңды негізде басымдық берген.

Білімнің жолы ізденушілерге қашан да ашық. «Білім-ержүрек адамның тәжісі мен даналықтың алтын алқасы» дегенді халқымыз тегін айтпаса керек.Ұстаз деген мамандықты шын  сүйіп,осы атқа лайық,бар күш-жігерімізді жұмсасақ қана бәсекеге қабілетті өзінің дербес заңы бар елдің келешегін тізгініне алар ұрпақ тәрбиелей алатынымыз анық.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек етіп келе жатқан ұжымымызда түрлі іс-шаралар жиі өтіп тұрады. Ұжымның ұйымшылдығы, үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлап,құрмет көрсету ұжымымыздың дәстүріне айналып отыр. Тәрбиеліктің нәрі мектеп табалдырығын әлі аттамаған сәбиге ананың сүтімен және тәлім тәрбие орны  балабақшадан басталады. Бала тәрбиесінде балабақшаның орны ерекше. Сәбилер онда көпшілікке үйренісіп, қоғамдық ортаға икемделе бастайды. Сәбилерді үйдегі еркеліктерін қойғызып,өзінше ойлауға, шығармашылыққа бейімдейтін негізінен тәрбиеші ұстаздары. Балабақшадағы тәрбиеші-балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін, жетелейтін ерекше үлкен тұлға.Тәрбиеші-бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.

Бүгінде «Балдаурен» бөбекжай ұжымы- білім мен тәрбиені қатар өрбітіп, қаншама ата-анамен кішкентай бүлдіршіндердің қуанышына бөленіп, елімізге, абыройлы қызмет атқарып келетін ұжым.

2016-2017-2018 оқу жылдарында ұйымдастырылып,өткізілген іс шараларымыз осы бөбекжай тәрбиеші-мамандарының еңбегі десек те аз емес. Өйткені жеткен жетістіктерімізге, сондай биіктерден көрінуімізге әр уақытта жағдай жасап отырған бөбекжай меңгерушісі С.Сахиқызына ризашылығымыз шексіз. Бөбекжайдағы бүлдіршіндерге барлық жағдайды жасап, олардың дұрыс тәлім-тәрбие алуын қадағалап отыратын педагогтарды, осы ұжымды ұйымдастырып отырған, өз ісін жетік меңгерген бөбекжай меңгерушісі Сара Сахиқызы басқарған педагогикалық ұжым тәрбие берумен қатар тәрбиеге өте ерекше көңіл бөліп келеді. Сәби жүрегіне жол таба білген тәрбиеші-мамандарымыз осы оқу жылдарында көптеген сайыстарға, іс-шараларға, іс-тәжірибелік, аудандық, қоғамдық шараларға қатысып бөбекжай ұжымының мәртебесін биікке көтеріп келеді,осы атқарған еңбектері үшін бөбекжай меңгерушісі Сара Сахиқызы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Алғыс хатымен”облыстық білім беру басқармасының “Алғыс хаты”, облыс әкімінің “Алғыс хаты”,  Аудандық білім бөлімінің “Жылдың үздік балабақша директоры” “Дипломы”, Облыстық “Атырау-Ақпарат” ЖСШ директорының “Алғыс хатымен” марапатталса,осы бөбекжайымыздың жоғарғы санаттты тәрбиеші-психологі Жамал Малтайқызы ерен еңбегі үшін «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен қоса, “Атырау ұстаздары” атты жинақ кітабына еніп, түрлі аудандақ семинар-тренингтер,  іс-тәжірибелер өткізіп келеді. Сондай үлгілі тәрбиешілеріміздің арасында өз ісінің майталманы ізденуден, үйренуден талмайтын жоғарғы санатты тәрбиешілеріміз де бар. Атап айтсам  Айгул Мендіғалиқызы   олбыстық педагогикалық оқуға қатынасып, республикалық педагогикалық  оқуға жолдама алып өз жұмысын « Баланың жасында көргені- бүкіл өміріне азық»деген тақырып бойынша  жан-жақтан жиналған әріптестерімен өз тәжірибесін орта салып, Қазақстан Республикасының білім министрінің  Алғыс хатымен марапратталды. Осындай әріптесіміздің бірі де бірегейі   Насиха Қисақызы; облыстық кәсіподақ “Құрмет” грамотасымен қоса “Біздің балабақшамыздың тарихы”  атты республикалық байқаудың II дәрежелі Дипломымен марапатталып, еңбегі еленіп келеді. Осындай жаңашылдыққа үнемі жақын жүретін, ізденуден шаршамайтын, үйренуден талмайтын, шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық халықаралық ән, би, хареография сайыстарында жоғары биіктерден көрініп келетін бөбекжайымыздың жоғары санатты саз жетекшісі — Гүлнар Қанатқызының еңбегін айтпай кету мүмкін еместі: «Үздік музыка пәні мұғалімі» төс белгісімен, ҚР-сының Білім ғылым министрлігінің «Алғыс» хаты, Республикалық ғылыми-әдістемелік тәжірибелік семинарға қатысқаны үшін арнайы сертификатқа ие болса, Аудан әкімінің, облыстық кәсіподағы ұйымының дипломы мен алғыс хаттарына ие болды. Осындай жоғары санаттты саз жетекшіміз Тоғжан Мажанқызының да еңбегі елеусіз қалған емес «Жаңашыл ұстаз» атты облыстық формунда II орынға,  арнайы сертификатқа ие болды. Жоғары санатты білікті тәрбиеші-Г.Есалиеваның бөбекжайда кәсіподақ ұйымының төрайымы болып еңбек еткеніне де бірнеше жылдар өтсе де өз ісінің маманы. Ұйымдастырылатын әрбір іс-шараның өз дәрежесінде өтуіне балабақшаішілік, аудандық, облыстық байқауларға педагог –тәрбиешілермен қоса ата-аналардың атсалысуына ықпал етіп отыратын кәсіподақ төрайымы Г.Есалиева да Аудандық кәсіподақ, облыс мәслихатының «Құрмет» грамоталарымен марапатталып келеді. Бөбекжайымыздың қазақ тобының әдіскері Р.Абдрахманова Аудандық «Әдістемелік қоржын» сырттай байқауына қатынасып, II дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Құрмет» грамотасына ие болды. Бөбекжайымыздың психологі Диярова Жамал, ағылшын тілі маманы Гүлден Демешева, жоғары санатты білікті тәрбиешіміз Г.Тлегеновалар «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас» ІІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясында үздік сабақ көрсеткендері үшін Атырау облысы білім беру басқармасының «Алғыс» хаттарымен және бөбекжайымыздың  директоры С.Сахиқызы да марапатталды. Облыс әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Авторлық бағдарлама» сайысына қатынасқан тәрбиешілеріміз: Г.Тлегенова III орынға ие болса, Г.Шыныбекова «Алғыс» хатқа ие болды. I санатты тәрбиешіміз С.Батырханқызы- өте зерек,ізденгіш,жаңашыл тәрбиеші. Бүлдіршендеріне білім мен тәрбиені үйретумен қатар әрбір шәкіртін түрлі сайыстарға тыңғылықты дайындап, балабақшаішілік, облыстық  сайыстарға қатыстырумен  қатар өзі де түрлі балабақшаішілік, аудандық сайыс-шараларға үнемі қатысып, түрлі «Алғыс» хат, «Дипломдарымен марапатталып 2016 оқу жылында аудандық, «Жыл тәрбиешісі» сайысына қатынасып, жүлделі II орынға ие болды.Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекетттік тіл мәртебесіне ие болып, қанат жайып келе жатыр.Бүлдіршіндерімізге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттеріміз бөбекжайымызда іске асырылуда.Тіл мамандары да шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде «16-22 қыркүйек ҚР-ның Тіл мерекесі күнінде» апталық ұйымдастырып, ағылшын тілінен өткен аудандық, облыстық  «Тіл дарын» олимпиядасында шәкіртімен бірге  ағылшын тілі маманы Ф.Нұрханова 1 орын алып, Атырау облыстық тіл басқармасының «Дипломымен» марапатталды.

Балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына,ептілікке,тапқырлыққа баулуда бөбекжайымыздың дене шынықтыру мамандары да елеулі еңбек етіп келеді. Бүлдіршіндеріміз аудандық, облыстық спорттық-интеллектуалдық олимпиадалардан бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді. Дене шынықтыру маманы Т. Қыраубаева аудандық педагогикалық оқуға қатысып, жүлделі І-орынға ие болса,

Аудандық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасымен Г.Демешева мен Э.Дендерова марапатталып бөбекжайымыздың мерейін көтерді.

Тәрбиеші-педагогтеріміз бен бүлдіршіндеріміздің жеткен жетістіктері үнемі аудандық басылымдарда жарияланып отырды. Сондай мақсатта ҚР-сы www.bilim-gylym.kz.

Ұстаздарға  арналған басылым редакциясы білім жолы «Нұрлы жол» атты республикалық басылымға С.Сахиқызы мен Л. Хайруллинаның мақалаларымыз жарияланды. «SKILLS ACADEMY» мекемесі Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында республикамыздағы білім саласы қызметкерлерінің есімін  жинап «Оzattar-Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына», «Қазақстан ұстазы» атты төсбелгісіне бөбекжайымыздың орыс тобының әдіскері Лаззат Кушербайқызы, жоғары санатты саз маманы Тоғжан Мажанқызы, Гулбаршын Жақсығалиқызы, Жанар Маишқызы жемісті еңбектері үшін еңіп төсбелгісімен марапатталды. Тәрбиеші-педагогтардың балаларға тәрбие берудегі білімдері мен білім деңгейлерін бақылау мақсатында бөбекжайішілік «Үздік тәрбиеші-2018» сайысын ұйымдастырған болатын. Нәтижесінде өзінің білімділігінің, жаңашыл,ізденімпаздығы мен тапқырлығының арқасында Г. Тлегенова «Үздік тәрбиеші 2018» атағына ие болса, С.Ералиева, А.Қабдықайырова, А.Сисенғалиева, А.Кузнецова, М.Кутрова сынды тәрбиешілеріміз жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иемденіп, аудандық кәсіподақтын «Алғыс хаттарымен»,әкімшіліктің сыйлықтарымен марапатталды.

Жоғарыда айтылған бөбекжайымыздың жеткен жетістіктерін қорытындылай келе балабақшада балалар үшін білімнің бастауы деуге болады. Өйткені, балабақшада қалыптасқан армандар мен қиялдар адамды биіктерге жетелейді. Педагогтерімізге талмас қанат, шыңдардың шыңына шарықтауларына тілекшімін. Қоғамымыздың ең беделді тобына айналады деген сенімдемін. «Балдаурен» бөбекжайының ешқашан сүрінбеуі үшін қызмет етіп жатқан тәрбиеші-педагогтерге зор сенім артамын.

 

Хайруллина Ляззат Кушербаевна,
Атырау облысы, Индер ауданы,
Индербор кенті
МКҚК «Балдаурен» мектепке дейінгі бөбекжайы орыс топ әдіскері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.