Home » Мақалалар » Білімнің бастауы – балабақшада

Білімнің бастауы – балабақшада

1-Қыркүйек – Білім күні жас жүректің дүрсүлі. Бұл күні бүлдіршіндер мектепке, енді бірі балабақшаға алғаш рет барады. Бүгінде білім нәрін сусындауға қадам басқан сәт. Сары күздің ең алғашқы күнінде бізде «Айналайын» балабақшасы “Білімнің бастауы балабақшада” атты ертеңгілігімізді атап өттік. Ұстаздар мен жас бүлдіршіндер өте жақсы деңгейде өнер көрсетті. 1-қыркүйек – барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Бұл мерекеде ән айтып, би-билеп, тақпақ айтып балалар бір тамсантып тастады. Бағдарламамызды өз ісінің маманы психолог Сәтова Нүрлыгүл апай жүргізсе, ақ жарма ақ тілегін айтып, балабақша директорының міндетін атқарушы Нуртилепова Салима сөз сөйледі. Жас бүлдіршіндерге зор денсаулық, үлкен үміт, сенім артып, бүгінгі мерекемен баршамызды құттықтады. Сонымен бірге Бекмурзина Жемісгүл апай “Қоянның құлағы неге ұзын” атты ертегіні рөлге сомдап ерекше бір әсерге қалдырды. Ал балабақшамыздың әнші қыздары Дойырбаева Айзере мен Әзірбайжанова Алифа ән айтса, “Айгөлек” пен “Құлыншақ” тобының балалары би-билеп үлкен қошеметке ие болды.Естярлар тобының тәрбиеленушілері болса қазақтың қара өлеңін нақышына келтіріп оқыды.

Ұстазым менің, қамқоршым едің,

Баулыған асыл өнерге.

Жүрегің дархан, өзіңнің арқан,

Биікке шықсам еге рде — деп ұстаздар қауымы ән салып шәкірттеріне үлгі боларлықтай етіп өз өнерлерін көрсетті. Біздің қандай деңгейде жұмыс жасай алатынымызды көрсете білді.”Білім-бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”- деп М.Әуезов атамыз айтқандай, білім алып, оқу оқып, бір кірпіш болып қалану – әр баланың арманы, алға қойған мақсаты емес пе? Ендеше, сол арман мұратымызға жетуге “Айналайын”ұжымы ат салыса алатынымызға кәміл сенемін.

Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

Өрле, тек биік шың басына,- деп бізде балабақша ұжымы сүйікті де, сүйкімді, тәтті де қылықты балапандарымызға Ақ жол, сәт-сапар тілейміз!

                            Бақытова Гүлжайнат Қайратқызы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы

                            «Айналайын» балабақшасының бейімдік маманы

                              

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.