Home » Айтарым бар » Біліммен ел көгерер, кәусар сумен жер көгерер

Біліммен ел көгерер, кәусар сумен жер көгерер

Білімді болар адамның төрт қамалы тас болар,

Білімсіз болар адамның өмірі толған жас болар.

Мемлекеттік білім беру стандартында дене шынықтыру жұмысына, балаларға көп назар бөлінеді. Бұл, әрине, заңды түрде өте дұрыс, өйткені жоспарланған жаңа бағыт бойынша, әр білім мекемесінде сауатты жүргізілген спорттық жұмыс жасөспірім балалардың спортқа және денсаулығын нығайтуға деген көзқарастарын түзетіп, қалыптастырады.

Оқушының ойлау, физикалық қабілеттерін дамытуға мемлекеттік стандарт және жалпы білім беру жүйесі жаңа форма ретінде берілген. Жаңа форма жүйесі бойынша білім беру әр мұғалімнің жоғары кәсіптілігіне, қабілеттігіне байланысты. Әр мұғалім белгіленген уақытта өз білімін жетілдіруі тиіс, әр сабағының жоспарына жана технологияларды еңгізуі тиіс. Кәсіптік шеберлікті жетілдіру мекемелерінің бірі – АО НЦПК «Өрлеу». Осы мекеменің басшысы Исимбаев Еркин Турашевич және жалпы ұжым – өте кәсіби, өз пәнін нық білетін мамандар. Аталмыш курс мұғалімдерді әр түрлі методика және заманауи технологиялармен таныстырып, өз сабақтарын қалай қызық өткізуіне жол сілтейді.

АО НЦПК «Өрлеу» мекемесінің аға оқытушылары әр сабақты өте қызықты және де әлемдік деңгейдегі методикалармен дәріс беруде. Әр курс өзінше қызықты болып өтуде, пікір-талас, команда ретінде және жоба қорғаумен аяқталады. Интерактивтік сабақтар жоғары дәрежеде өтеді. Бұл орталықта жоғары кәсіби мамандар шетелдік семинарларға катысып, өз білімдерін жетілдіріп отырады. Бұл курсты өткен маман өз біліміне, жалпы шеберлігіне көзқарасы өзгереді. Дәріс берген аға окытушылардың арасынан Уалиев Серік Сұлтанбекұлын, Абдрайымова Асель Бауыржанқызын, Абдрахманова Рысты Теміртасқызын ерекше атап, үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.

«Өрлеу» деген атына сен сай болғансың.

Әр мұғалімнің жүрегінде сен қалғансың.

Көш басында сені арқашан біз көреміз.

Білім іздеп артыннан біз ереміз.

 

Тек біліммен танытамыз қазақты,

Ғылымменен ашармыз әр ғажапты.

Сәбилерді білімге біз балармыз.

Білімменен маржан-шашу шашармыз.

Кенжалин Еркеш Жүзбайұлы

№ 17 мектеп-гиназиясының дене шынықтыру мұғалімі

                          Көкшетау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.