Елбасының «Болашаққа бағдар –рухан жаңғыру» атты бірнеше бағыттан тұратын мақаласы ел арасында кеңінен таралып, насихатталды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы өркениетті еліміздің өскелең жастарын, зайырлы қоғамымыздың әр бір азаматын жарқын болашаққа бағыттайтын бірден-бір құнды дүние. Президент бұл мақаласында сананы жаңғыртудың алты бағытын белгілейді. Жаңғырудың төртінші бағытында «Білімнің салтанат құруы; Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,-делінген. Президентіміздің мақаласы бойынша Созақ ауданы, Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектепте де оқушылар арасында кеңінен насихатталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тәрбие сағаттар, ашық сабақтар өткізілді. Мектеп мұражайына, Қарабура әулие кесенесіне саяхат ұйымдастырылды. Түрлі тәрбиелік шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында кіші ғылымы жобалар қорғалды. 3-сыныптар аралығында өткен жобада өзінің ізденімпаздығымен Нажмидин Асқар «Қазақ және өзбек халықтарының салт-дәстурлерінің ұқсастығы» тақырыбындағы жобаны қорғап, 1-орынға ие болды, Жақсыбек Дана 2-орынмен марапатталып, мектепішілік мақтау қағаздарына ие болды.
Азимбаева Диларам,
Науайы атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Созақ ауданы, Созақ ауылы