«Біздің айналамыздағы математика» жобасына қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» атты семинар-практикумы
2017 жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Шет ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біздің айналамыздағы математика» жоба аясында Шет ауданы «Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында, серіктес мектеп «Жарық жалпы орта білім беру мектебі» КММ бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар-практикум болып өтті. Семинар-практикум мақсаты: «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасы шеңберінде оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру және серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу.
Семинарды «Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» директоры Н.А. Абишев, ҚО БД ОӘО әдіскері Г.Г.Мукашева, Шет ауданы білім бөлімінің әдіскері Б.К. Шагирова ашып берді. Семинарға тәжірибе алмасу мақсатымен Қарағанды, Балқаш қалаларынан, Қарқаралы, Шет, Бұхар-жырау аудандарынан 45 мұғалім қатысты. Семинар 5 блок бойынша өткізілді.
ҚО БД ОӘО әдіскері Г.Г. Мукашева осы «Біздің айналамыздағы математика» жобасы бойынша тоқталып кетті, білім бөлімінің әдіскері Б.К. Шагирова хабарлама жасады. «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» семинар бағдарламасымен және 2 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын презентациялық таныстырылым арқылы Вихляева Т.В. мен Жанысбаева Б.Т. жасады.
Мектеп фойесінде екі мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды.
1 блок «Педагогикалық калейдоскоп» бөлімінде Абдикерова Г.С «Қозғалыс және уақыт», Вихляева Т.В. «Сутки. Определяю время», Тульшимова М.Б. «Есебін білген озар» (Бұрма ЖОББ мектебі)
Алтайбаева Г.К. «Белгісіздер әлемінің қыр-сыры», Дуанбекова А.И. «Қызық екен», Касымова А.Ж. «Мой родной край» КВН (Жарық ЖОББ мектебі), ашық сабақ, интеллектуалды ойын мен сыныптан тыс шара өткізді.
2 блок «Ата-аналармен жұмыс» бөлімінде Аяпбергенова Г.И. «Что? Где? Когда?» (Жарық ЖОББ мектебі), Шатекова Қ.Т. «Ғажайып математика» (Бұрма ЖОББМ) математикалық ойындарды ата-аналармен өткізді.
3 блок «Сыныптан тыс қызмет» бөлімінде Майбасова Л.Б. «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалды ойын, Жакенова А.Ш. «Математический турнир» (Жарық ЖОББМ) сайысы өтті.
4 блок «Шеберлік сыныбы, коучинг» бөлімінде Жанысбаева Б.Т. «Математика сабақтарында белсенді оқыту әдістерін қолдану» коучинг, Алтайбаева Г.К., Дуанбекова А.И. «Бастауыш сыныптарда математикадан функционалдық сауаттылықты арттыру» (Жарық ЖОББМ) шеберлік сынып көрсетті.
5 блок «Қорытынды» бөлімінде Жарық ЖОББ мектебінің оқушылары мен музыка пән мұғалімдері Шырынбекова У. А., Сатқалиева С. С. «Тәуелсіз ел ұрпағы» атты шығармашылық жұмысы ерекше көңілден шықты.
2015 — 2016 оқу жылында «Біздің айналамыздағы математика» облыстық жобасы енгізілген болатын. Шет ауданы бойынша Бұрма ЖОББ мектебі мен Жарық ЖОББ мектебі осы жобамен жұмыстар атқарып келеді. Екі жыл бойы өткізілген жобаның қорытындысында аталған жобаны жүзеге асыруда қатысқан екі мектеп те, ауданның білім бөлімі де алға қойған мақсат, міндеттерін толығымен орындады деп айтуға осы семинар-практикум дәлел болды. Аталған жобаның оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға берері өте көп болды, мектеп пен ата – ана ынтымақтастығының артуына, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарының оянып, білім сапаларының көтерілуіне, ұстаздардың жаңаша ойлап, көп ізденуіне зор септігін тигізді. Семинарға ата-аналар де белсене қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған әрбір жұмыстың жаңашылдығы қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлай отырып, соңы рефлексиямен жалғасын тапты. Бұл семинарға келген облыс, аудан білім бөлімінің әдіскерлері екі мектептің әкімшілігіне ризашылықтарын білдірсе, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Келешекте осы тектес жобаларға белсене қатысып, ауданның басқа да мектептерін көптеп қатыстырсақ деп ойлаймын.
Г.К. Алтайбаева,
бастауыш сынып мұғалімі,
Жарық жалпы орта білім беру мектебі,
Қарағанды облысы