Home » Айтарым бар » Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Үздік басшы жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында облыстық форум өтті.

Басқосудың басты мақсаты – ең табысты мектепке дейінгі ұйым басшыларының мектепке дейінгі білім беру аймағын басқарудағы жаңа білім беру технологияларын, жаңа әдістерін анықтау, мектепке дейінгі ұйым басшысының білім беру жүйесін дамытудағы қосқан жеке үлесін қоғам алдында насихаттау болып табылады. Аталған іс-шараға облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, ЖОО оқытушылары және ардагер-педагогтар қатысты. Кездесу барысында Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.к., профессор Гүлшат Медетбекова сөз алды. Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш орта мектепке білім беру қафедрасының педагог оқытушылар құрамын, облыста мектепке дейінгі ұйымның білімін арттырып келеді. Аталған институт білім беру ұйымының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүзеге асыратын бірден-бір ұйым болып табылады. Институт құрылғаннан бері мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедралары кең ауқымды, әрі жүйелі жұмыс атқаруда. Осы 5 жыл аралықта мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша 2040 мектепке дейінгі қызметкерлері өз біліктілігін арттырса, мемлекеттік тапсырыс бойынша бір жылда орта есеппен 481 тыңдаушы біліктілігін арттырады. Кафедра жоспарға сәйкес курстан басқа, халықаралық, республикалық форумға, конференцияға, республикалық педагогикалық шеберлік байқауының семинарларын ұйымдастыратынын айтып, педагогтарға шығармашылық табыс тіледі. Әрі қарай форум шеңбері мектепке дейінгі білім беру ұйымы басшыларының жетістіктері таныстырылып, байқау бейнероликтері, мультимедиялық презентациялары көрсетілді. Аталған мақсатқа жету үшін форумның аясында облыс бойынша мектепке дейінгі ұйым басшыларының «Үздік басшы – жарқын болашақтың кепілі» байқауы екі кезеңнен тұрады: сырттай және бетпе-бет кезеңі деп аталады. Байқауға облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардан 40 басшы қатысып, соның ішінде 18 басшы 2017 жылдың 12 мамырында бетпе-бет кезеңінен өткен. Сол байқаудың әрбір бағыты бойынша бағалау нәтижелерінің сараптама қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттады. Яғни номинация бойынша Т.Рысқұлов ауданы, «Балдырған»  балабақшасы «Құзыретті басшы» Раушан Шамшиева, Жуалы ауданы, «Жаңаталап» балабақшасы, «Ізденімпаз басшы» Ж.Утебаева және мерейлі Меркі ауданынан «Балауса» балабақшасы, «Талапшыл басшы»- М.Райымжанова марапатқа ие болды. Ал ІІІ орынды Т.Рысқұлов ауданы, «Айгөлек»балабақшасынан А.А. Шегебаева, Жамбыл ауданы, «Сәуле» бөбекжайы, А.М. Нартбаева, Тараз қаласы, №27 балабақшасы А.Ш. Сулейманова      бөлісті. ІІ орынды Тараз қаласы, №28 балабақшасы Г.С. Тубаева мен Т.Рысқұлов ауданы «Алтын сақа» балабақшасы Г.И. Доскожаева алды. І орын Тараз қаласы, «Балдәурен» №39 балабақшасы Ж.А. Акылжанова иеленді. Тараз қаласының тарланы №18 балабақшасы Ш.Т. Жұматаева бас жүлде жеңімпазы атанды. Жеңіске жеткен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Жиын соңында Бас жүлде иегері өз тәжірибесімен, жаңалықтарымен, қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, алғысын айтып жеткізді. Форум жұмысының нәтижесі бойынша облыс педагог қауымдастығы үндеу қабылдады.

Айгерім Назарова

«Білім Айнасы», Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.