Бүгінгі күні педагогтар алдында күрделі міндеттер тұр. Ол өз жұмысын жақсы біліп қана қоймай, сол білімін үнемі толықтырып отыруы қажет. Оқыту әдісін тамаша меңгеріп қана қоймай, оны үздіксіз жетілдіру де маңызды. Ол төзімділігі жоғары дәрежелі тұлға болуы керек, өйткені балалармен жұмыс істей отырып, өзара қатынастағы қиындықтардан құтылу мүмкін емес. Жан-жақты, өз заманына сай бола білу, жұмыстағы кез келген жаңалықтарға дайын болу да өнер. Бүгінгі күні өз орнында қалу үшін жаныңды салып жүгіру қажет деген қайшылық қалыптасты. Ал егер орныңнан қозғалу қажет болса, онда кем дегенде, екі есе тез жүгіру қажет.
Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені, осы кезең — бала бойындағы барлық табиғи дарындылықтың ерекше даму кезеңі. Сондықтан да, осы шақтағы баланың тәрбиесі мен іс-әрекеттеріне ерекше ден қойған дұрыс, сонда нәтиже оң болмақ. Осыған сәйкес, жеке тұлғаны дамытуда ‹‹Тапқырлық тапсырмаларын шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор.
Адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты өрбиді. Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретіндегі даму мәселесі білім мақсатының біріне жатады.
Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты білім берудің барлық жүйесін жаңғырту үдерісі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды, осы үдеріске жаңа, барынша тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдемені іздеуді қарқындатады.
Қоғамның заманауи даму сатысында жаңашыл үдерістер, бірінші кезекте баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Ал мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес.
ТЕМИРГАЛИЕВА Лайла Ержанқызы,
«Балапан» бөбектер
бақшасы» КҚМК тәрбиешісі:
Ақсу қаласы Павлодар облысы.