Қазіргі таңда әрбір ата-ана мен мұғалімдердің алдына қойып отырған басты мақсаты білімді де білікті, адамгершілігі мол, рухани-патриотты азаматтарды тәрбиелеу екені баршамызға аян. Бүгінгі таңда жастарды қоғамдық жұмысқа, қоғамдық өмірге тарту оларды қазіргі уақыттағы болып жатқан келеңсіз жағдайлардан шеттеу болып отыр. Мемлекет алдына қойған басты мақсат, жастар саясаты мен оның стратегиялық дамуына, жастардың жан-жақты өсуіне, әлеуметтік, қоғамдық тұрғыда жастардың жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауды қажет етеді. Әрбір жас азамат өзі өмір сүріп отырған қоғамның бір мүшесі екенін, оның өркендеуі үшін қызмет ету керек екенін сезіну, түсіну қажет. Біздің міндетіміз жастардың Отанын сүюге, рәміздерін құрметтеуге, ел тарихын білуге, салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды сақтауға, елімздің көркеюі үшін білімді, білікті ұрпақ болып қалыптасуы керек. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті азаматтар көп болса, болашағымыз жарқын болатыны сөзсіз. Қазіргі 21 ғасырдың кілті білімді, білікті маманның қолында. Ата –ана үшін, қоғам үшін, мектеп үшін басты мәселе білім берудің жаңашылдығы. Бұл жаңашылдыққа бірінші кезекте бала мен ата-ана қоса ұмтылуы керек. Заман соны талап етіп отыр.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың дұрыс тәрбие алуы үшін әрбір ата-ананың тәрбиелеу процессіне қосатын ролі өте жоғары болуы тиіс. Ата-аналар балаларының мектеп қабырғасында тек қана білім алып қана қоймай қоғамдық жұмыстарды атқаруына көп көңіл бөлуі қажет. Сонда барып әрбір бала өзінің қоғамға қажет екенін түсініп, өз елінің өркендеуіне үлес қосу керек екенін сезінеді. Жас буын өкілдерін дұрыс тәрбиелеу үшін алдымен олардың немен шұғылданатынын біліп соған қолдау көрсетуіміз қажет. Балалардың дұрыс, жан-жақты дамуы үшін олардың белсенді, салауатты өмірді қолдайтын, белсенді өмірлік ұстанымы мол көшбасшы бола білетін жастар тәрбиелеуіміз қажет. «Жастар кез-келген дамушы мемлекеттің стратегиялық потенциялы» деген ұранмен шығармашыл, білікті жастарды қолдауымыз міндетті. Сабақтан тыс уақыттарда баланың немен шұғылданатынына көз жеткізіп, келешек мамандық таңдауында қателесуіне жол бермеу керек. Өйткені дұрыс таңдау жасалмаса болашағына сеніммен қарауы бұлыңғыр болады. Сондықтан мектепте жүргізілетін үйірме сабақтарына, қосымша білім беру ұйымдары үйірмелеріне баланың өз көңілі қалаған бағытты таңдауына жағдай жасауымыз қажет. Өмірде өз қызығушылығымен таңдалған бағыт пен білімнен олар ләззат алғанда ғана мықты білікті,білімді маман болып шығуы сөзсіз. Қазір еліміздің өркендеуіне осындай жүрегі тек қана отан деп соғып тұратын жастар керек. Оларды дәл сондай сезіммен тәрбиелеу ата-анамен ұстаздың басты ұстаным болуы шарт.
Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Бала – Отанымыздың келешегі, еліміздің біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс екенін әсте естен шығармайық. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек.
Иешова А.Е.
«Зияткер» мамандандырылған
мектеп-интернаты
Балқаш қаласы