Home » Мақалалар » Білімді ұлт сапалы оқыту мен отбасы құндылығы

Білімді ұлт сапалы оқыту мен отбасы құндылығы

Алматы қаласы, Медеу ауданы  №33 мектеп лицейінің «Білімді ұлт сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

«Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өту мақсатында, Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хаты негізінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2018 жылы 15 мамырда 18.30. сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған, 2018 жылдың мамыр айының 15 күні №33 мектеп-лицейінде  «Білімді ұлт сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты  ата аналар жиналысын жергілікті атқарушы органдар, қоғамдастықтар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.

Ата-аналар жиналысының мақсаты:

— Отбасы құндылығы баланың өміріне деген үлкен жауапкершілік сезімін қалыптастыру отбасының рөлі.

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбиенің көзі, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ата-ананың рөлін дамыту, баланың ең басты ұстазы ата-ана екенін ұғындыру және ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде  мына төмендегі мәселелер қарастырылды:

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру-тәрбие негізі; (рухани жаңғыру бағдарламасының бағыттары бойынша мағлұмат беру)

-Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;

-Оқу процесін цифрландыру; (күнделік кз, эл.журналдар)

-Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері енгізілген, (рухани жаңғыру бағдарламасы 100 жаңа оқулық жобасы)

-Мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі; (мектептегі қамқоршылық

қоғамдық кеңестің мақсаты мен жүргізіліп жатырған жұмысы, қорытындысы)

-Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы; (тоқсандық және жылдық)

-Сонымен қатар, ата аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» (ағымдағы мәселелер)

 Жиналыс барысында мектеп директоры Казиева Назгүл Алдабергенқызы болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жолдары жайында айта келе,  өз баяндамасын ата-аналарға  таныстырып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бердібай Ф.Ө. -«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру-тәрбие негізінде, рухани жаңғыру бағдарламасының бағыттары бойынша мағлұмат берді.

-Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемдеу арқылы жаңа дәуірдің жағымды  жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстарында көрініс табуы тиіс. Біз бәсекеге өз оқушыларымызды қалай дайындап жатырмыз?

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру, Ұрпақтар сабақтастығы аясында Медеу Пусырманұлына арналған Медеу аудан білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «ХІ ғасырдағы Алматы» атты сурет көрмесі болып өтті. Осы көрмеге мектепшілік сурет байқауынан 1 орын алған Аликен Даулет ауданаралық байқаудан 3-орынды алса, ал  проза мен поэзияны  жатқа мәнерлеп оқу бағыты бойынша Медеу аудандық байқауынан 1 орын алған 10 сынып оқушысы Ақбергенова Гаухар қалалық байқаудан  2 орынды еншіленді.

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдірімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауы, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуі, сөйтіп қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшу туралы өз баяндамасында атап кетті.

Сонымен қатар, мектебіміздің қорғаншылық кеңестердің қызметі, оның мектептегі қамқоршылық қоғамдық кеңестің мақсаты мен жүргізіліп жатырған жұмысына, қорытындысына да тоқталып өтті. Осы бағыттарда жұмыстар жүргізіліп біршама істер атқарылды.

  1. Тамыз және қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға көптеген көмектер көрсетілді. Соның ішінде 3А сынып оқушысының ата-анасы Утегенова Айжан бір оқушымыздың жылдық киімін мойына алды.
  2. 7А сыныбының ата-анасы Наджибулла Рахман мәжіліс залының ішкі сахна пердесін қаржыландырды т.с.с.

Келесі сөз кезегін мектеп психологы Ташметова С.О. «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту жөнінде баяндап берді.

Оқу процесін цифландыру ( күнделік кз, журнал кз ) бойынша «Цифрлық Қазақстан-жаңғыру даңғылы» атты баяндаманы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаймерденова А.Б. оқып берді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі таңда тұжырымдылық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде:

  1. білім беру үдерісін цифрландыру
  2. Цифрлық білім
  3. Білім беруде басқаруды цифрландыру

Орта білім берудегі оқу үдерісін автоматтандыру үшін электронды журналдар жүйесі пайдалануда. Электронды журналды енгізген қағаз түріндегісі қолданылмайды. Біздің мектебіміз де бұл этап бойынша жұмыс жасалуда. Қазіргі таңда №33 мектеп-лицейінде күнделік. кз- 676 оқушы, 598 ата-ана тіркелген. 2016-2107 оқу жылынан бастап мектебіміз күнделік. кз пен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Цифрлық білім беру контенті бойынша мектептер үш тілде 80 мың бейнефильм мен интерактивті сабақтар енгізілді, олар мұғалімге сабақты әлдеқайда жоғары деңгейде жүргізуге көмектеседі. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы. Елбасының сөзіне тоқталып кететін болсақ: «Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады.

Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор»-деп, баяндаманы осы сөзбен қорытындылады.

Төртінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы Айдаркулова А.О. Рухани жаңғыру бағдарламасы 100 жаңа оқулық жобасы аясында білім саласында жаҺандық бәсекеге неғурлым бейімделген мамандарды даярлау-болашаққа жасалатын ең басты бағдар-деп, өз сөзімен аяқтады.

Ал, бесінші мәселеге келетін болсақ, директордың оқу-ісі жөнідегі орныбасары Рахимбаева К.А. 2017-2018 оқу жылында  № 33мектеп-лицейінде оқушыларымыз аудан, қала, республикада өткен әртүрлі білім додасында өз білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде «Дарын» орталығы ұйымдастырған пәндік олимпиадада ауданға 30 оқушы қатысып, оның ішінде 10 оқушы орындармен, қатысқаны үшін мақтау қағаздарын иеленді. География пәнінен Адухан Лаура 11сынып,  Тлеумбетов Абзал 9 сынып топтық жұмыс бойынша қаладан 3 орын алса, ал 11 сынып оқушысы Жазыбек Жазерке биология пәнінен 3орынмен марапатталды. Тұран университетінде өткен ғылыми жоба байқауы бойынша физика пәнінен Айтен Бексұлтан, қалалық «Туған жер» бағдарламасы аясында ғылыми жоба байқауында география пәнінен 6-7 сынып оқушылары қатысып, 2-орын иеленді. Республикалық турнир «Алгорифм» математикалық олимпиадада Нұрғиса Ділдә қаладан 1-орынға ие болды. «Эрудит» интеллектуалды білім порталы бойынша математика пәнінен Сабит Ақерке 1-орынмен марапатталды. Зияткерлік білім кеңістігі «Оқушылар сарайында» өткен математикалық аудан жарыста, мектебіміздің 50-ге жуық оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынға иеленді. Одан да басқа ғаламтор арқылы қатысқан олимпиада да оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. Осындай жетістікпен биылғы оқу жылын аяқтап отырмыз.

Қорытындылай келе, әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру» — бүгінгі таңда отбасы мен мектептің міндеті екендігін атады. Ендеше, тәрбие жұмысының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасы. Себебі, баланың басты ұстазы ата-ана, басты мектеп жанұя. Мәдениетті де тәрбиелі тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды ең бірінші ата-ана болып келеді. Бүгінгі таңда балалардың сапалы біліп алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары бұл біздің мұғалімдердің арқасы.
Сондықтан туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың байқуатты да баянды болашағының айқын кепілі. Өйткені ата-аналар жалпыұлттық жиналысқа қатыса отырып, мазалап жүрген сауалдарына мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар жиналыстың оқу жылының соңына орай ұйымдастырылуы, баламыздың оқу жетістіктерімен жылдық қорытынды баға шықпай тұрып танысуына мүмкіндік берді. Отбасы қандай болса, өсіп келе жатқан ұрпақ та сондай болады, бала әке-шешесінің үлгісінде тәрбиеленеді. Олай болса, өскелең ұрпақ ел тізгінін ұстайтындай азамат болсын десек ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттарын қарастырып, келешекте жас ұрпақ болашақ еліміздің тұтқасы болуына мектеп, ата-ана, ұстаз болып ықпал ете білу маңызды. «Отбасы – тәрбие көзі, мектеп оны шыңдаушы», «Тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп ұлы ғұлама Әл-Фараби атап көрсеткендей, білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланыста болуы оң нәтиже беру болып табылады.
Жиналыс соңында Алматы қаласының №3 ЖББ мектептің математика пәнінің мұғалімі, әрі мектебіміздің ата-анасы, сонымен қатар 8А сынып оқушысы Нартайұлы  Әлинұр, 6Б сынып оқушысы Иляс Карима, 5Ә сынып оқушысы Иляс Адель, 2Ә сынып оқушысы Иляс Бекмұхамед немерелерінің атасы Мамбетов Ілияс Елшіұлы өз лебімізін айтып, алғысын білдірді.

 

                       Мәдениет Нәйля Мәдениетқызы
№33 мектеп-лицейінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.