Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде «Білімді мыңды жығар,…» атты интелектуалды білім сайысы болып өтті.
Қазіргі заман талабы болашақ ұрпаққа өзін жеке тұлға ретінде дамытып, осы өмірде белгілі орынын ойып алуы үшін сапалы білім беру ұстаздардың басты міндеті болып табылады. Сабақ барысында білімдерін жетілдіру аздық етеді, оқушылардың өздігінен ізденуі үлкен рөл атқарады. Сол себепті оқушылардың жан-жақты білімін дамыту үшін сыныптан тыс интеллектуалды білім сайыстарын өткізіп отыру маңызды.
Осындай сыныптан тыс жұмыстарды біздің мектебімізде ұдайы өтіп отырады. 5-6 сынып оқушыларының арасында өткен сайыс өте тартысты, әрі қызықты болды. Тапсырмалар логикалық ойлауды қажет ететін сұрақтардан тұрды. Өзінің алғырлығын танытып, әрдайым ұтымды жауаптарымен көзге түскен Балғабай Бибарыс, Мұса Перизат, Жақсылықова Айым, Қонысбекова Ақгүлім сынды оқушылар өздерінің топтарының алда көрінуіне септігін тигізді. Сайыс қорытындысы бойынша «Болашақ» тобы жоғарғы ұпайды жинап, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ал «Жігер» тобы арнайы дипломмен марапатталды.
Зайкенова Бекзада Жұмаділқызы,
Математика пәнінің мұғалімі,
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі