Жақында Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебінде мектепішілік пәндер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың барлық пәндер бойынша І тоқсанда меңгерген білім деңгейлерін анықтау болды.
Оған қазақ тілі пәнінен 3 «А» сыныбының 5 оқушысы қатысып, Кирилл Кушнир, Валерий Омельницкий, Милана Строкань жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі кезде жаңа «көптілділік» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгеруде. Бұл олардың жан-жақты білім нәрімен сусындауына септігін тигізуде және өзара қарым-қатынас құралы ретінде де қызмет етпек.
Алдағы уақытта сапалы білімді, үш тілде еркін ойлап, көсіле сөйлейтін шәкірттеріміздің көбейе түсетініне сеніміміз мол.
Ахатова Тендик Сагидуллова,
№18 ЖОББМ,
Павлодар қаласы