Әрине, «Оқу инемен-құдық қазғандай», «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы» деп тегін айтпаған. Білімді болу адамның сауатын ғана емес, ой-өрісін де дамытады.
Білімді болу үшін көп ізденуің, көп оқуың керек. Сонда ғана еңбегін жанады. Білімді адамдар өте жақсы өмір сүреді. Өйткені болашақта кәсібіңе немесе жұмыс жасауыңа күш жігеріңді, біліміңді қолданасың, бақытты өмір сүресің.
Мен Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің 4 «Ә» сыныбында оқимын. Оқу үлгерімім жақсы. Біздің лицейдің бағыты «физика-математика». Мен барлық пәндерді жақсы көремін, математика сабағында логикалық есептерді қызыға-қызыға шығарамын. Бұның бәрі көп ізденіп, сабақты жақсы оқып, еңбектенсең ғана өз мұратына жетесің.
Біздің елімізде білімді жастар өте көп. Олар шетелдерде оқып, білім алуда.
Білім ˗ адамзаттың көрсеткіші, айнасы. Мен де болашақта өз елімнің өркендеуіне, дамуына өз білімді жұмсауға талпынатын боламын. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» деп бекер айтпаған дана халқымыз.
Хайргельды Адина
Астана қаласы
№ 84 мектеп-лицейінің
4 «Ә» сынып оқушысы