Home » Ашық сабақтар » Білімділер сайысы

Білімділер сайысы

 

Кожахметова Бағдат Тлепбергеновна,
Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы,
Қарағанды облысы

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасы, Тәуелсіздік, ұлы адамдар жайлы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың топта жұмыс істеу, өз білімдерін көрсету, танымдық қабілеттерін сарапқа салу.
Түрі: тәрбие сағаты, танымдық сайыс
Әдісі: топтық ойын
Көрнекілігі: Қазақстанның қалалары, көрікті жерлерінің суреттері, рәміздер, ұлы адамдар портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

Барысы: I.Ұйымдастыру – бастаушының сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!  2 «А»сынып оқушыларымен өткізгелі отырған  «Білімділер сайысы» танымдық ойынына хош келдіңіздер! Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ. Олай болса, білімді, саналы, ұлтымыздың тарихын насихаттаушы, ойлау қабілеттері, дүниеге деген ғылыми көзқарастары қалыптасқан ұрпақ тәрбелеу – біздің міндетіміз. Бүгінгі ойын мектепте үйренген-білгендерің қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан оқушыларымыз өздерінің елі, ұлы адамдар туралы білетіндерін ортаға салады. Жақсы қасиеттеріңді көрсете алады деген сенімдемін. Ендеше ойынымызды бастайық.
А) Ойын шартымен таныстырып өтейік:
1.Топтарды таныстыру, ұраны, әні.
2.»Қас-қағым сәтте» деп аталады – топтарға 3 сұрақ қойылады, ашықхаттың ішінде қай әріп түссе, жауабы сол әріптен басталу керек.
3.»Мақалды жалғастыр» — әр топқа 2 мақалды аяқтау керек болады.
4.»Қазақ зиялылары»: сен білесің бе? – суреті бойынша мәлімет беру.
5. Қосымша тапсырма.
Ә) Әділқазылар алқасын сайлау.
II. Негізгі бөлім. 1.Топтарды бөлу, отырғызу,
2. Топтарды таныстыру, ұрандары, әндері:
«Бірлік» тобы, Ұраны: «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.»
«Ынтымақ» тобы, Ұраны: «Ынтымақ жүрген жерде Ырыс бірге жүреді.»
«Қыран» тобы, Ұраны: »Қуат, күшін арнаған сүйікті елге, Қыран болып самғаймыз биіктерге».
«Тұлпар» тобы, Ұраны: «Тұлпарға тән адуын, еркін екпін, Бойымызда бәрі бар кереметтің».
3. «Қас-қағым сәтте» — әр топқа ашықхаттар таратылады (Қ,А,Т, Н)
Қ әрпінен бастау: 1. Біздің Отанымыз – (Қазақстан)
2.Күй атасы — (Құрманғазы)
3.Желтоқсан батыры – (Қайрат)
4.Үлкен кісі – (қария)
А әрпінен бастау: 1.Қадірлі жан – (ана)
2.Оңтүстік астана – (Алматы)
3. Қазақ ханы – (Абылай)
4.Ұлы ақын, данышпан – (Абай)
Т әрпінен бастау: 1.16 желтоқсан қандай күн?
2.Қазақ ғарышкері – (Тоқтар)
3.Мемлекеттік рәміз – (Ту)
4. тамаққа дәм беретін ерігіш зат – (тұз)
Н әрпінен бастау: 1.Ас атасы – (нан)
2. Елбасы – (Нұрсұлтан)
3. Әнұранның авторларының бірі – (Нәжімеденов)
4. Қазақша жаңа жыл – (наурыз)
III. Қосымша тапсырма: «Өлеңді жалғастыр»  — әдебиеттен өткен Отан туралы өлеңдерден үзінді оқылады, отырғандар соны жалғастыру керек. Авторын атау.
— «Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес…» (Қартқожаның туған жері, Ж.Аймауытов)
— «Бәрін де,бәрін де ұнатам. Өйткені ол Отан – Ұлы Отан…» (Отан. Ж.Смақов)
— «жаным менің кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған…» (Отан туралы. М.Мақатаев)
— «Алтын дәнді даласы бар. Ақ күмістей қаласы бар….» (Ө.Тұрманжанов. Туған өлкем)
— «О,Шіркін! Дүниеде менің орнымнан жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?…» (Кімнің мекені жақсы? Сәкен Жүнісов)
4. «Қазақ зиялылары»: Сен білесің бе? – бейнесурет көрсетіледі. Абай, Ыбырай, Ахмет, Қаныш. Топ мүшелері сол адам жайлы мәлімет береді.
5.»Мақалдың жалғасын тап»:
1. Отансыз адам — …. бұлбұл. (ормансыз)
2.Туған жер — …. бесік. (алтын)
3. Атамекенде тумасаң да, атамекенде …… артық. (өлген)
4. Ел мен жер …. (егіз)
5. Ерден аспақ болса да, Елден аспақ ….. (болмас)
6. Елің – панаң, жерің — ….. (анаң)
7. Ел жаусыз болмас, Жер ….. болмас. (таусыз)
8. Өз елім — …. төсегім. (өлең)
IV. Қорытынды. 1. Әділқазылар ұпай санын есептеп, жүйріктерді анықтағанша, оқушылардың Отан жайлы әндеріне кезек берейік. (музыкалық номер)
2. Жеңімпаздарды марапаттау.
3. Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілейміз дәл осылай барлығыңның,
Тек қана биіктерден көрінгенің — деп сайысымызды аяқтаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.