Мақсаты: Қазақстан Республикасы, Тәуелсіздік, ұлы адамдар жайлы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың топта жұмыс істеу, өз білімдерін көрсету, танымдық
қабілеттерін сарапқа салу.
Түрі: тәрбие сағаты, танымдық сайыс
Әдісі: топтық ойын
Көрнекілігі: Қазақстанның қалалары, көрікті жерлерінің суреттері, рәміздер, ұлы адамдар портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.
Барысы: I.Ұйымдастыру – бастаушының сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! 2 «А»сынып оқушыларымен өткізгелі отырған « Білімділер сайысы» танымдық ойынына хош келдіңіздер! Қазақстанның болашағы –білімді ұрпақ. Олай болса, білімді, саналы, ұлтымыздың тарихын насихаттаушы, ойлау қабілеттері, дүниеге деген ғылыми көзқарастары қалыптасқан ұрпақ тәрбелеу – біздің міндетіміз. Бүгінгі ойын мектепте үйренген-білгендерің қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан оқушыларымыз өздерінің елі, ұлы адамдар туралы білетіндерін ортаға салады. Жақсы қасиеттеріңді көрсете алады деген сенімдемін. Ендеше ойынымызды бастайық.
А) Ойын шартымен таныстырып өтейік:
1.Топтарды таныстыру, ұраны, әні.
2.»Қас-қағым сәтте» деп аталады – топтарға 3 сұрақ қойылады, ашықхаттың ішінде қай әріп түссе, жауабы сол әріптен басталу керек.
3.»Мақалды жалғастыр» — әр топқа 2 мақалды аяқтау керек болады.
4.»Қазақ зиялылары»: сен білесің бе? – суреті бойынша мәлімет беру.
- Қосымша тапсырма.
Ә) Әділқазылар алқасын сайлау.
- Негізгі бөлім. 1.Топтарды бөлу, отырғызу,
- Топтарды таныстыру, ұрандары, әндері:
«Бірлік» тобы, Ұраны: «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.»
«Ынтымақ» тобы, Ұраны: «Ынтымақ жүрген жерде Ырыс бірге жүреді.»
«Қыран» тобы, Ұраны: »Қуат, күшін арнаған сүйікті елге, Қыран болып самғаймыз биіктерге».
«Тұлпар» тобы, Ұраны: «Тұлпарға тән адуын, еркін екпін, Бойымызда бәрі бар кереметтің».
- «Қас-қағым сәтте» — әр топқа ашықхаттар таратылады (Қ,А,Т, Н)
Қ әрпінен бастау: 1.Біздің Отанымыз – (Қазақстан)
2.Күй атасы — (Құрманғазы)
3.Желтоқсан батыры – (Қайрат)
4.Үлкен кісі – (қария)
А әрпінен бастау: 1.Қадірлі жан – (ана)
2.Оңтүстік астана – (Алматы)
- Қазақ ханы – (Абылай)
4.Ұлы ақын, данышпан – (Абай)
Т әрпінен бастау: 1.16 желтоқсан қандай күн?
2.Қазақ ғарышкері – (Тоқтар)
3.Мемлекеттік рәміз – (Ту)
- тамаққа дәм беретін ерігіш зат – (тұз)
Н әрпінен бастау: 1.Ас атасы – (нан)
- Елбасы – (Нұрсұлтан)
- Әнұранның авторларының бірі – (Нәжімеденов)
- Қазақша жаңа жыл – (наурыз)
III. Қосымша тапсырма: «Өлеңді жалғастыр» -әдебиеттен өткен Отан туралы өлеңдерден үзінді оқылады, отырғандар соны жалғастыру керек. Авторын атау.
— «Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес…» (Қартқожаның туған жері, Ж.Аймауытов)
— «Бәрін де,бәрін де ұнатам. Өйткені ол Отан – Ұлы Отан…» (Отан. Ж.Смақов)
— «жаным менің кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған…» (Отан туралы. М.Мақатаев)
— «Алтын дәнді даласы бар. Ақ күмістей қаласы бар….» (Ө.Тұрманжанов. Туған өлкем)
— «О,Шіркін! Дүниеде менің орнымнан жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?…» (Кімнің мекені жақсы? Сәкен Жүнісов)
- «Қазақ зиялылары»: Сен білесің бе? – бейнесурет көрсетіледі. Абай, Ыбырай, Ахмет, Қаныш. Топ мүшелері сол адам жайлы мәлімет береді.
5.»Мақалдың жалғасын тап»:
- Отансыз адам — …. бұлбұл. (ормансыз)
2.Туған жер — …. бесік. (алтын)
3.Атамекенде тумасаң да, атамекенде …… артық. (өлген)
4.Ел мен жер …. (егіз)
5.Ерден аспақ болса да, Елден аспақ ….. (болмас)
6.Елің – панаң, жерің — ….. (анаң)
7.Ел жаусыз болмас, Жер ….. болмас. ((таусыз)
8.Өз елім — …. төсегім.(өлең)
- Қорытынды.1. Әділқазылар ұпай санын есептеп, жүйріктерді анықтағанша, оқушылардың Отан жайлы әндеріне кезек берейік. (музыкалық номер)
- Жеңімпаздарды марапаттау.
3.Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілейміз дәл осылай барлығыңның,
Тек қана биіктерден көрінгенің- деп сайысымызды аяқтаймыз.
Кожахметова Бағдат Тлепбергеновна.
Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы.