Home » Жаңалықтар » Білімділер бақ сынады

Білімділер бақ сынады

«Дарын жеке жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты білім сайысы ол пән олимпиадалары.

6 желтоқсан 2018 ж. күні Жаңаарқа ауданы, Б. Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы тірек мектебінде (РО) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды. ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылған салтанатты жиында Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің басшысы Аштаев Тлеш Бейсенбаевич білім додасына қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Келесі кезекте ортаға Абай Құнанбаев (тарих пәнінің мұғалімі Мананбаев Қ.) пен мен Әл-Фараби (директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары Игенов Е.Д.) шықты:

Абай:
Оқы балам, шаттық заман,
Талаптанар жетті кез.
Мезгіл өтер, жүрме бекер.
Уақыт қымбат осы кез,
Қалма кейін, ашық зейін
Ұмтыл алға қарышта
Білім азық, бойға жазық
Қатарыңнан қалыспа
Білімді жый, отанды сүй
Бар мұрасын қорға сен
Алдын бойда, терең ойда
Білім атты жолда сен

Әл-Фараби: Құрметті жас олимпиадашылар, сіздерді алда білім байқауының ұзақ асулары күтіп тұр! Әйгілі Бала би «Жерден ауыр дегенім ақыл білім, судан терең дегенім оқу білім» — деген екен. Сондықтан да ақыл-ойдың, білім ғылымның шытырманды, ізденісті олимпиадалық сапарда сіздерге тек шыдамдылықпен табандылық тілеймін! — деп ақ тілектерін білдірді.
Бұдан әрі, мектеп өнерпаздары «Қазақстан» әнін шырқап, «Алға Қазақстан» флешмобын биледі. Салтанаттың ең маңызды сәті–білім олимпиадасының алауын мектеп мақтанышы, облыстық олимпиадалармен ғылыми практикалық сайыстардың жеңімпазы, «Алтын белгіге» үміткер Бақытжан Айым жақты. Тұғыры биік еліміздің ертеңінің бүгіннен де жарқын болуы – өздеріңіздей білімді де талантты ұрпақтар қолында.

Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Б.Амалбеков атындағы
ЖОББ мектебі базасындағы тірек мектебінің
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Аханова Гульмира Рахметовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.