«Әлем өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»
Махатма Ганди
Білім беру деңгейі – экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Сондықтан да білім беруді дамыту – жалпы ұлт үшін аса маңызды міндет болып табылады.
Қоғамды модернизациялау мақсатында құрылған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру маман даярлау үрдісіне жаңа талаптар қойып отыр. Бірінші кезекте мамандардың кәсіби сапасы, жұмыс істеу қабілеті, іскерлігі, біліктілігі ескеріледі. Кәсіби маман даярлау, бұл, жаңа көзқараспен, еңбек ету – білім мен біліктіліктің сұранысына сәйкес жүргізіледі. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдану, сол арқылы жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби құзыретті ұстаздар болмақ. Сондықтан педагогика ғылымында кәсіби құзыреттілік коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік, операционалдық және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырылып келеді. Ал, жаңа формация мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби құзыретті болуы тиіс.
«ХХІ ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялары дамыған бәсекелестік ғасырына айналып барады. Егер қоғамда білімді адамдар жеткілікті болса, онда кез келген ноу-хау барлығымыз үшін қолдан келерлік іске айналады. Жаңа идеялар тудыра білу қабілеті –қандай да бір елдің ғаламдану жағдайында алатын орнын анықтайтын болады. Сондықтан қазақстандық өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті білімге ие болуы керек», — деп көрсетті Елбасы. [3] Білім – болашақ бағдары. Кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзйіыреттілігін дамыту. Олай болса, педагог, бұл, қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қарайтын, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген тұлға болуы шарт.
Еліміздің болашағы, көркеп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема –әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдиниеті дамыған, интерактивті тақтаны немесе басқа да жаңашыл құрылғыларды еркін пайдалана алатын, On-line режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген ұстаз болуы тиіс. [4]
Білім сапасы білім берудің, оқытудың сапасына байланысты екені бүгінде ешкімге де жаңалық емес. Заманауи білімдену үрдісі оқытушы мен білім алушыдан білім мазмұнын игеруде бірлесіп жұмыс істеуді талап етеді.
Болашақ мамандарға тәлімгерлік көмек беру, шеберлік сабақтар өткізу, «on-line» режиміндегі сабақтарды ұйымдастыру, мектептен өтетін тәжірибе барысында өткізетін сабақтарына талдау жасай отырып, шеберліктерін шыңдау – білікті маман дайындаудың тиімді жолы.
Бүгінгі таңда білім алушыларға жай ғана қарапайым тілмен түсіндіріп қана қоймай әрбір берген мәліметтің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдаланудың мүмкіншіліктері көп. Еліміздегі және шетелдік ғалымдардың зерттеу тәжірбиесін ала отырып, оны тиімді және оңтайлы қолдану оқытушы жұмысына оң әсерін тигізері сөзсіз. Қазіргі педагогикалық технологиялар, ұстаздың кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогикалық технологияны қолданудағы басты мақсат – білім алушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету. Жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі, ол кәсіби білімді жетілдіру арқылы болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Сондықтан болашақ мамандардың бойында шығармашылық қабілетінің көрініс табуы, терең білім алуының бірден бір факторы екені сөзсіз.
Болашақ мамандармен оқыту формасын ұйымдастыруда, өзім дәріс беретін сабақтардың өту жүйесіне тоқталсам. /НИШ. Астана – 2016 ж/ Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын гуманитарлық колледждердің бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы бойынша өткен курстан алған іс –тәжірибемді оның ішінде жеті модулді жиі пайдаланамын.
«Маған айт –мен ұмытамын. Маған көрсет сонда мен есте сақтаймын. Менің өзіме әрекет етуге мүмкіндік бер – сонда мен үйренемін» деген қытай даналығының мәнін ескерсек. Жаңа талаптарға сай және инновациялық өзгерістерге бейім мұғалім қалыптасуы үшін оның ойлау әрекетіне өзгерістер енгізу қажет.
Мысалы, сабақта кейс-стади амал-тәсілін қолданып, білім алушылар алдына үнемі проблема қойып, тиімді шешуге бағыттаймын. Олар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы проблеманы шешуге ынталанады. Мұнда білім алушылар топпен әрекет етеді. Микротопта төрт студент (баяндаушы, сарапшы, жол сілтеуші, қарсы сұрақ қоюшы) жұмыс жасайды. Әр топ мүшесінің өз міндеті бар. Әр кез оқытушы сабақты ұйымдастыруда білім алушыға сенім артып, оны өзіндік жұмыс істеуге бағыттап отырса, білім алушылардың қызығушылықтарын арта түспек. Осылайша өткен сабақтардан білім алушылар оқытушының тиімді іс-тәжірибесінен өзіне керегін ала білуге үйренеді. Сонымен қатар бүгінгі білім алушы ертеңгі маман өз тәжірибесінде де алған білім мен тәжірибені қолданары хақ.
Сондай-ақ «Ақылдың алты қалпағы», «Ыстық орындық», ЖИГСО, әдіс тәсілдері де болашақ мамандардың теорияны өзіндік меңгеріп, сабақ барысында талдау арқылы танымдық белсенділіктерін арттырады.
Тағы бір айтарлық жайт мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам. Ал өзінің группаластарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар, формативтік бағалау үшін әр топқа бағалау парақтарын тараттым. Ол бағалау парақтарын сабақ басында таратып, және әділ бағалауларын ескерттім.
тағы басқа көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қорыта айтқанда, Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Ендеше сабақтың нәтижелігі мұғалімнің құзыреттілік деңгейіне, білім алушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына, оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына және оқытуды ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетіне және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталып, мақсатқа жетудің тиімділігін көрсетіп, үйретіп, бағыт беру оңтайлы нәтижелер береді. Оқытушы өзі үшін тәжірибе жинақтаса, ал білім алушылар болса болашақта кәсіби қызметте өзіде тиімді пайдалана біледі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Педагог кадрларды даярлаудың проблемалары мен замануи мүмкіндіктері» ғылыми-практикалық коференция материалдары. Кокшетау 2015
2.«Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» А. Құсайынов Алматы -2013
3. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауы.
4.«Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогтарды даярлау : бағдарлар мен үрдістер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 2013
5. Білімдегі жаңалықтар тақпаратты-әдістемелік журнал 20
Асылбекова Бактыбике Шакентаевна
Жезқазған гуманитарлық колледжі