Home » Мақалалар » Білікті маман еңбегінің жетістігі – білімді ұрпақ

Білікті маман еңбегінің жетістігі – білімді ұрпақ

«Сабақ беру –үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол – үнемі жаңаны табатын өнер»  

М. Жұмабаев  

   ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген озық ойы – біздің басты ұстанымымыз. Болашақта өркеиетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазір осы салада оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Оқушының өз біліміне өзі жауапты болатын жаңаша оқыту тәсілдері оқушылардың да, ата-аналардың да жүрек түкпірінен орын алып отыр. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – жаңаша білім берудің түп қазығы. 2016-2017 оқу жылының қазан айынан бастап мамыр айы аралығында Атырау қаласы № 22 орта мектебінде «Өрлеу» бағдарламасының курсы ұйымдастырылып, осы курсқа үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатыстым. Курс тренері — Гүлайым Оразтайқызы мектебіміздің жоғарғы санатты қалалық, облыстық, республикалық білім сайыстарына қатысып өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген ұстаз. Осы курстың бағдарламасымен өзі танысып қорғап келгеннен кейін Г. Оразтайқызының көптеген сабақтарына қатысып осы модульдерді қолдану кезіндегі сабақтың тиімді, қызғылықты, оқушыларының топпен жұмыс жасаудағы шеберліктеріне қатты қызығатынмын. Мінекей ұстазымыз осы курсты ұйымдастырып тренер болып көптеген әдіс-тәсілдерді үйретті. Әріптестерімізбен бірігіп жұмыс жасадық, талқыладық, тәжірибе алмастық.

Сындарлы оқыту теориясының курсында бірінші кезеңінде теориямен қатар көптеген әдіс-тәсілдерді: топта талқылау, презентация жасау, пікірлесу арқылы бір-бірімізді тыңдауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйрендік. Бірінші кезеңінің сабақтарында тренер орта мерзімді жоспарлауды жасау жолдарындағы мақсаты мен одан күтілетін нәтижесін жасағаннан кейін бізге бағалаудың түрлері мен оны қай тәсілде қолданатынын үйретті. Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізу үшін мұғалім өзі өзгеру керек. Яғни, дәстүрлі қалыптан шығып жаңа тәсілдерді меңгеріп, жаңаша сабақ өткізуіміз керек .

Осы курстан соң бұрынғы дәстүрлі оқытудағы көзқарас өзгеріп, жаңаша ойлау, яғни бағдарламадағы 7 модульмен жұмыс жасау тиімді болды. Дәстүрлі оқытуда сабақ көбінесе бір сарында өтіледі. Мұғалім сабақты айтады, оқушылар тындап отырады. Мектептегі тәжірибе жұмыс кезінде сабақты өткізгенде оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолданғанда басында қиынырақ болғанымен соңында топ ережесімен таныса келе қалай жұмыс жасауды оқушылар өздері жақсы біліп алды. Бұрынғы стереотиптерді бұзып, жаңа біліммен, жаңа идеямен толықтырдық.

«Жақсы ұстаз шәкіртіне талмас талап, қайыспас қанат сыйлайды» делінеді қазақ даналығында.

Мұғалім әрбір оқушының жүрегіне жол табуда әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын. Мен өзімнің курстағы тәжірибе кезеңінде осы оқытудағы жеті модуль идеяларын өз сабағымда пайдалана отырып, оқушылардың басқа қырларынан көрінуіне және жан-жақты дамуына үлес қосамын деп ойлаймын. Жеті модуль идеяларын сабаққа қолдану өте тиімді екеніне көзім жетті. Оқушыларым тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренеді. Алдағы уақытта да осы модульдерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ата–бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.

Курс жетекшіміз екінші деңгейдегі жоғары санаттағы, жоғары дәрежелі тренер мұғалім Андирбаева Гүлайым – өте білімді, өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаз маман екендігін көрсете білді. Барлық пән мұғалімдері жаңалықтармен танысып қана қоймай, тәжірибе жүзінде өзара сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасып, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді. Біліктіліктерін арттырған ұстаздардың «Өрлеу» курсын ұйымдастырушыларына алғыстары шексіз.

Бұл курстан барлық пән мұғалімдері өздеріне қажетті мол рухани байлық ала алды, теория  түрінде де, тәжірибе түрінде де өздеріне қажетті өте мол қор жинады деп ойлаймыз. Ұстаздардың курстан күткен нәтижелері де осы еді. Мұндай ұстаздардың біліктіліктерін арттыру курстары жиі өткізіліп отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Ишангалиева Сауле Маратқызы

Атырау қаласы Әлия Молдағұлова атындағы № 22 орта мектебінің

І санатты тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.