Home » Білім және тұлға » Білікті басшы, табысты менеджер

Білікті басшы, табысты менеджер

Әлемнің небір білікті де еңбеққор нәзік жандары әйелдер қауымының қоғамдағы маңыздылығын дәлелдеді. Отбасының шырағын түзу жағып, шаңырағын биік ұстап, жұмысында да біліктілік танытатын қыз-келіншектер – бүгінгі  күннің озық ойлы адамдары.

Аяулы ана, сыйлы келін, ардақты әже,білікті маман, креативті басшы деген ұзын- сонар тіркесті мектебіміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген басшыма қарата айта аламын.

Мектеп – болашақ ел тұлғаларын дайындайтын орын. Ал ол мектептің жүрегі мен тірегі – ұстаздар қауымы. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, тәлім беруден жалықпай,сан түрлі шәкірттің бабын тауып, өмірлік жолын түзу сала білген біздің білікті басшымыз – әр адамға үлгі.Ұстаздық ету  – қарапайым көрінгенмен, бұл – ең қиын деген мамандықтардың бірі.Үй мен жұмысты қатар алып жүру де – әрбір әйелдің өзекті мәселесі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Көздіғара негізгі мектебінің директоры Гүлмира Еркетілеуова – осы қиын істің ебін тауып,еңсере білген жан. Шәкірттерін өзіне баурай білу – Гүлмира Жолайқызының сан түрлі қырларының бір бөлігі. Ол – І санатты, бірінші (ілгері) деңгейлі педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі. 2013 жылы республикалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңінде жүлделі ІІ орын, 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердегі орыс тілі пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған аудандық пән олимпиадасында жүлделі І орын, 2013-2014 оқу жылында аудандық «Жылдың ең үздік мектеп директоры» байқауында жүлделі І орын, 2017-2018 оқу жылында аудандық орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Пушкин оқулары-2017» байқауында жүлделі ІІІ орын, 2017-2018 оқу жылында аудандық мектеп директорлары арасында ұйымдастырылған «Табысты менеджер-2017» байқауында бас жүлде, облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді. 2015-2016 оқу жылында «Ақжайық КВН лигасының» алғыс хатымен, 2016 жылы Сырым аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен, 2018 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Жиырма жылдан астам уақыт аралығында сан түрлі шәкірт тәрбиелеп, білікті шәкірттердің жұлдызын жақты.

Әрбір педагог еңбек жолын жас маман болып бастайды.Біздің кейіпкеріміз де мектепке жас маман боп келіп,кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылдың қазан айынан бастап мектеп директоры лауазымын иеленді. Қазіргі таңда аудан,облыс педагогтары арасынан ойып тұрып орын алады.Әріптестері арасында сыйлы,жақындары арасында абыройлы. «Көктем гүлдің бағын ашады, Көсем елдің бағын ашады» деп дана халқымыз айтпақшы, білім ордамыздың аудан, қала берді облыс мектептері арасында дараланып, есімінің танылуына мектеп басшысы барын салып келеді.

Мейірімділігі мен қарапайымдылығы жүзінен көрініп тұратын Гүлмира Жолайқызы өзі басқарып отырған шағын мекеменің әрбір маманы мен әр шәкірті үшін алаңдап, олардың алаңсыз еңбек етіп, сапалы білім алуынан күш-жігерін аяған емес.

 

Айгул Джумаева,
ЖББ Көздіғара негізгі мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.