Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылық пен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Осы орайда, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасына қатысты 23.04-11.05 аралығында Панфилов ауданы Б.Назым атындағы мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдері біліктілігін арттыруда.
Курстың мақсаты-жаңартылған білім бағдарламасы контексінде педагогикалық шеберлікті шыңдау және критериалдық бағалауды еңгізу.Білім жүйесін жаңғырту векторлық дамуды бағыттауда, бұл «білімдік» парадигмадан «құзыреттілке» өтуді қамтамасыз етіп, «білгір адамнан» шығармашылық түрде ойлап өз алдына дамитын «адамдарға» ықпалы болады.Одан әрі негізгі білім жүйсін қалыптастырушы құзыреттіліктен- «оқи білу» керек тұрғысына өту жүргізіледі.Бұл мектептерде оқу процесін жүргізуде өзекті болып және педагогикалық кадрларды оқытуда да өзекті болып табылады.
Курс Бағдарламасының мазмұнын тыңдаушылар белсенді түрде меңгеруде. Атағанда педагогикалық тәсілдерді қолдануда және түсіну,мақсаттылық сенім, саралау әдістері, жаңартылған бағдарлама бойынша пәнге тиесілі критериалдық бағалау жүйесі, осымен қатар жеке педагогикалық қызметтегі рефлексия, тыңдаушылар курста негізгі жұмыстарды өздері атқарды. Дәрістік сабақтарды кезектестіру және педагогтардың өздерінің жұмыс атақаруларының нәтижесінде Бағдарламаның мазмұны сапалы игерілді.Курс тыңдаушылары әдістемелік жинақтарын жаңартылған білім бағдарламасымен салыстыра сапалы жұмыстардың әдістерін жүйелеуге мүмкіншіліктер алды. Тәжірибелік сабақтарды жоспарлай тыңдаушылардың инновациондық педагогикалық тәжірибелерін анықтап олардың мақсаттарына бағыт берді.
Жаңа бағдарламадағы білімнің жаңартылған мазмұны бойынша курстан өткен әр тыңдаушы,алған білімдерін саналарынан өткізіп,ойлап,бірге оқу тәжірибе жолдары осының бәрі сындарлы тәсілдерде негізделіп,жаңа құндылықтар алып, өздерінің аймақтарында,мектептерінде жеке сабақтарын білім үрдісіне өзгерістер жасауға кең көзқарас және мол мүмкіншіліктер алды.
Байузакова А.К.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша ПҚБАИ »
Басқару және білім сапасы кафедрасының
аға оқытушысы