Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізуде педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда». Осы талаптарды жүзеге асыру үшін білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді, атап айтсақ, сол өзгерістердің бірі оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуларына бағытталған білімнің болуы. Яғни, оқушылар мен мұғалімдердің құзыретті болуы.
Біліктілікті арттыру жүйесінің басты функциясы педгогтердің инновациялық технологияларды пайдалана білу қабілеттерін дамыту ғана емес, олардың жаңа әдіс-тәсілдерді өздері таба отырып, оны жаңғырту мен даму тенденцияларына сай кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатындай кәсіби құзыреттілігін дамыту болады.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл» жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады. Ол мақсат – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету, сондай-ақ орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Бұл дегеніміз – дәстүрлі мектеп моделінен рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау модельдеріне көшуге педагогтердің инновациялық міндеттерін шығармашылықпен шеше алатын ұстаздардың болуын талап етеді.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін отандық және дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін құрудың басты шарттарының бірі – біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңа талаптарға сай жаңарту. Осыған байланысты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Негізгі іс-шараларының желелік графигінің бағыттарына» және «Біліктілікті арттырудың курстық шаралар жоспарын енгізу үшін міндетті дәріс тақырыптарының тізіміне» сай Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-ның аға оқытушылары, тренерлері оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдары мен цифрлық форматтағы ресурстар жасады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтында өткізілген курстар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің дайындығын, біліктілігін арттырудың нақты тәжірибесін талдау нәтижесінде: қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай мектеп мұғалімінің функционалдық сауаттылығын дамытудың қажеттілігі біліктілікті арттыру жүйесінде қалыптасатындығын, ал қазіргі жағдайы мен функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерге жол ашылатындығын көруге болады.
Мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамытуды заманауи жаңа технологияларын қолдану арқылы қалыптастыру, олардың жаңғырту мен даму тенденцияларына сай өзінің кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, курс барысындағы фунционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған педагогикалық технологияларды меңгерту педагогтардың технологияларды дұрыс түсініп қолдана білуіне, адам және оқушы рөлін жаңа түсіністікпен қабылдауына, білім беру үдерісін жобалауына ықпал етеді.
Педагогикалық технологиялардың білім беру жүйесіндегі идеялары мен тәсілдерін біліктілікті арттыру курстарында орынды қолдану, оқу үдерісін нәтижелі етеді және педагогтардың кәсіби дайындық сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда кәсіби құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауды, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.
Мұғалімнің функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда педагогикалық практиканың маңызы зор. Осы педагогикалық практика нәтижесінде олардың шығармашылық және педагогикалық құбылыстарын зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктерінің негіздері қаланады.
Карбозова Динара Командировна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ академия бөлімінің бас маманы