Home » Мақалалар » Біліктілікті арттыруда маңызы зор семинар

Біліктілікті арттыруда маңызы зор семинар

2017 жылдың 06 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында 5, 7 сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқытудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы 5,7 сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқытудың әдістемелік мәселелерін талқылау, педагог қызметкерлердің жаңартылған бағдарламаны практикалық тұрғыдан меңгеруіне әдістемелік қолдау көрсету және өзара тәжірибе алмасу.

Міндеттері:

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында гуманитарлық пәндерді оқытуда туындаған проблемалар және оларды шешу бойынша пікір алмасу;
  • Педагогтердің жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде тиімді орта жасаудағы тың идеялармен бөлісу;
  • Оқу үдерісі барысында 5, 7 сынып оқушыларын формативті бағалаудың тиімді стратегияларымен таныстыру.

Республикалық онлайн-семинар жұмысына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалдарының қызметкерлері мен жалпы орта мектеп педагогтері қатысты. ОҚО бойынша Шымкент қаласы, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек аудандары белсенділік танытты. Жалпы 81 адам онлайн режимде қосылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ақтаев Мұхтар Бексұлтанұлы семинарды ашып, мақсатымен таныстырды, қатысушыларды іс-шараның табысты өтуіне ат салысуға шақырды.

Семинарда қатысушылар баяндамаларын оқып, тілдік дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру, жүйелі кері байланыс арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіруіне жағдай жасау мәселелері, сонымен қатар оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері туралы сөз қозғады.

Семинар қорытындысы бойынша бірнеше ұсыныстар берілді:

  • жаңартылған бағдарлама бойынша тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру;
  • мазмұны жаңарған пәндерді оқытудың ерекшеліктерін зерттеу;
  • онлайн жүйесінде озық тәжірибелерді таратуды жалғастыру; — Т2, Я2 оқытуда оқушылардың зерттеушілік мәдениетін арттыру;
  • — педагогтердің жаңартылған бағдарлама аясындағы практикалық тәжірибелерін таныстыру.
  • — тілдерге байланысты оқулықтарды оқу үдерісі барысында жыл бойы зерттеп, ұсыныстар жасау;

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалдарының ОПҚ және мектеп мұғалімдері белсенділік танытып, құнды баяндама жасағандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Б. Серикова

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының

аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.