Home » Эссе » Біліктілікті арттыру – табысқа жетелейтін жол

Біліктілікті арттыру – табысқа жетелейтін жол

Әлемде әр адамның өз орны бар. Тағдыр мені мектепке жетеледі. Алты жыл бұрын мен мектептің табалдырығын жай мұғалім ретінде аттаған едім. Сол мезгілден бері мектеп менің екінші үйіме айналды.

Иә, мектеп менің екінші үйім. Мен оған барлық күш-жігерімді беремін. Оқушылармен бірге жүріп, мені өзімнің жеке басымның мәселелерін ұмытып кетемін. Солай олар екінші жоспарға қала береді. Бірінші орында — мектеп. Мектепте аз уақыт қана істейтін сияқтымын, бірақ мен мектепсіз өмірімді елестете алмаймын. Мен оқушыларға «Сабақ аяқталды» дегенде сабақтың аяқталмағанына көзім жетеді. Өйткені, өмірдің өзі сабақ қой. Өмір жалғаса береді…

Мен шығармашылық қабілеттерімді дамытуға, шәкірттерімнің жетістіктеріне көп көңіл бөлемін. Мен жұмысымды жақсы көремін. Бұл менің бірінші қадамым. Әр адам өз өмірінде жетістіктерге жетуді армандайды. Мұғалімнің жетістігі бұл шәкірттердің жетістігіне тікелей байланысты болып келеді. Мұғалімнің шеберлігі шәкірттермен байланысты. Менің мақсатым оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс істеуге үйрету, алған білімдерін алдағы өмірлерінде пайдалануға дағдыландыру.

«Маған айт – мен ұмытамын, маған көрсет мен есте сақтаймын, ал өзіме берсең мен қадамдар жасап үйренемін» деген нақыл сөз сияқты іс- әрекет жасау.

Мамандық туралы айтқанда қазіргі таңда күрт өзгерістер туралы айтпауға болмайды. Өміріміз өзгеріп, жаңа идеялар пайда болады. Біз мұғалімдер сол өзгерістерге назар аудармай тұра алмаймыз. Заман ағымымен ағып отырамыз. Қазіргі таңда әр жыл сайын білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр.

Дәстүрлі түрде алған білімдеріміз қазіргі технологиялардың ағымына ілісе алмай отыр. Біліктілікті арттыру курстары мұғалімдердің шығармашылығына өте көп әсер етеді. Әдістемелік көмекші құралдар бағыт-бағдар береді. Оқушының жетістігі мен білімінің сапасы мұғалімнің дайындық деңгейіне тікелей байланысты. Дайындық деңгейі әр уақыт өзгеріп отыру керек. Осы дайындықтардың өсуіне біліктілікті арттыратын курстар әсер етеді.

Өзіндік білімін көтеру — бұл әр мамандықтың шеберлігін және жауапкершілігін қадағалау, мұалімнің мамандығына көп назар аудару. Өзіндік білімін көтерудің маңызды факторы: біліктілігі жоғары мамандардан көмек алу, бір-бірімен жұмыс тәжірибиесімен алмасу. Қоғам мұғалімдер үшін әр уақытта жоғары талап қояды. Нағыз мұғалім өзінің сабағын ғана біліп қоймай жан- жақты дамыған маман болу керек. Көптеген ғылыми – практикалық жұмыстарға, семинарларға қатысып өзінің танымдылығын дамыту керек. Мұғалім әрдайым оқу керек. Сол себепті жыл сайын өз пәні бойынша толық дәрежеде дайындалып отыру керек. Өзіндік білімі мұғалімнің жоғары оқу орындарында дипломмен бірге берілмейді. Бұл қабілет мұғалімнің психологиялық және зияткерлік көрсеткіштері арқылы анықталады. Көпшілік жағдайда бұл қасиет жұмыс үрдісінде пайда болып, қалыптасады. Мұғалім өз жұмысына сараптама, талдау, мониторинг жасау арқылы қалыптасады. Мұғалімнің жұмысының ең басты ерекшелігі – өздігінен білім алу.

Мұғалім ретінде менің басты міндетім оқушы бойында жақсылық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар балаларды өз беттерінше ізденуге үйрету. Сол үшін мен өз бетімше білімімді көтеріп, дайындық деңгейін жақсартуым керек. Міне, осы мәселе менің семинарлар мен бідліктілікті арттыру курстарына қатысуға түрткі болды.

Біліктілікті арттыру – табысқа жетелейтін жол деп санаймын. Өйткені, біз білім беруде жоғары талаптар қойылатын қоғамда өмір сүреміз. Мектеп, университет, біліктілігін арттыру курстары ертеніне сенетін адам үшін керек. Біліктілікті арттыру курстары жаңа технологиялар туралы ғана біліп қоймай, сонымен қатар жоғары деңгейлі, өз жұмысына, оқушыларға толығымен берілген әріптестермен бір ойда болу.

2016 жылдың наурыз айынан бастап орыс мектебінде бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағын жаңаша бағдарламаны еңгізу туралы мұғалімдерге арнайы біліктілікті арттыру үшін «ҚР білім беру жүйесінің мазмұның жаңарту» тақырыбымен арнайы курстары ашылды. Мен осы курсқа қатыстым.

Қазақ тілі пәніне арналған оқу бағдарламасының мақсаты білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. «Қазақстан Республикасының білім беруді жаңарту» курс  тақырыбында  көптеген жұмыстар атқардық. Осы курс барысында бастауыш сыныптарға қазақ тілінен жаңа бағдарлама бойынша жұмыс атқардық. Бағдарламаның басым бөлігі оқытудың негізгі дағдыларына, жаңа технологияларға, әдіс-тәсілдерге негізделген. Жаңа бағдарламаның мақсаты «Қазақ тілі» пəні бойынша – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мəнін түсінетін жəне тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру. Осы бағдарламаның тағы бір жаңалығы үштілділік саясатын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың

функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады.

Бағдарламаның негізін құрайтын оқу дағдыларын оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну -мұғалім қызметіндегі маңызды дүние. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. «Қазақ тілі» пəні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді жəне оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық жəне рухани мəдениетін, қазақ халқының салт-дəстүрін, қазақша сөйлеу əдебін, қазақ əдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді жəне алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.

«Қазақ тілі» пəнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

— қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу жəне жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

— оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету

үшін оқыту керек; («Сэндвич» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек»)

— оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-

əрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;

— жоба əдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта

өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: əр балаға топтың

белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау); («Топтастыру стратегиясы», «Джигсо», «Ойлан – жұптас — бөліс», «Шеңбердегі әңгіме», «Сана саяжолы» және т.б.)

— өз ойларын, өз түсінгенін еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру; («Аквариум», «Кубизм», «Стоп кадр», «Драма әдісі»)

— түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын

оқу дағдыларын қалыптастыру; («Топтастыру стратегиясы», «Джигсо», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Шеңбердегі әңгіме», «Сана саяжолы», «Аквариум», «Кубизм», «Стоп кадр», «Драма әдісі» және т.б.)

— «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері

байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;

— оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;

— оқушының өз білімін жетілдіру жəне бағалауға ынталандыратын

мүмкіндіктер жасау;

— оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.

Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бұған дейін дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы өмірде пайдалана алмайды. Оқушының түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу, уақытпен санаспай, күнделікті өмірмен, мектеппен байланысты түсіндірме немесе бейнероликтермен көрсеткен көріністер, пікірталас-дебаттар, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту немесе талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыру мақсатында жаңа технологияны пайдалану арқылы керек материалдарды Интернеттен алу жолдарын үйрету мұғалімнің міндеті.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үрдісі төмендегі мәселелерді қамтиды: — дәлелдеуді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; — ақпараттар жинауды; т.б. Сыни тұрғыдан ойлау — бұл кез келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндікқате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.

Курсты аяқтағаннан кейін әр түрлі технологияларды өз сабағымда пайдаланып, сабағымның қызықты өтетіне көзім жетті. Осы әдістер балалар үшін де қызықты болды. Мен сіздерге өзімнің алдында өткізіп жүрген сабақтары мен қазіргі сабақтарымнан алған әсерім туралы айтып берейін. Алдында күнделікті жоспарыма мәліметтерді оқулықтан алып жазатынмын, көрнекілік құралдар дайындаймын. Қазір сабаққа дайындалу менің көп уақытымды алады. Әр сабағым психологилық көніл-күймен басталады. Балаларға әуендік сергіту сәттері, тренингтер өте ұнайды. Оқу мотивациясы арта түскені көрінеді. Үлгерімі төмен оқушылардың өзі сабақта белсендлік таныта бастады. Менің сабақтарым өте ұнайды деп айта аламын. Сыныпта жақсы атмосфера, әр оқушы өзін еркін сезінеді. Әр оқушы — ол жеке тұлға. Сол себептен біз олардың жекелігіне назар аударып сабақта барлық жағдайларды жасауымыз керек. Алдынғы сабақтарымда мықты оқушылар жақсы ат салысып отыратын, үлгерімі төмен оқушылар сол оқушылардың көленкісі болып қала беретін. Қазіргі таңда мықты оқушы мен үлігімі төмен оқушы деген ұғымдар қоғамнан қалып бара жатқан сияқты. Мен қазір білемін әр бала өзінше дарынды. Өзіндік бағалаудың бірінші қадамдарын жасадық, баларға ұнады. Қазір біз тек қана үйренудеміз. Уақыт өте келе біз барлығын орнына келтіреміз деген ойдамын. Жаңа технологиялар, сыни – тұрғыдан ойлау, бағалау т.б. әдістер менің жұмысымдағы ең басты көмекшім деп айтуға болады.

Қорыта келе, менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым -оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, Өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз — оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.

Курсты өткізген кісілерге алғысымды білдіргім келеді. Солардың берген нұсқаулары мен бағыт-бағдарлары арқылы көп жетістікке жетіп отырмыз және әрі қарай жалғастырамыз. Сонымен қатар, өз әріптестерімізге де алғыс білдіремін. Олар өз сабақтарында тәжірибелерімен алмасып отырғаны үшін, шығармашылық табыс тілеймін.

 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мұғалімі
Каламбаева Анара Хабдылжауатовна 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.