Home » Жаңалықтар » Біліктілігімізді биіктеткен – «Білім айнасы»

Біліктілігімізді биіктеткен – «Білім айнасы»

            Ақпан айының 3-ші жұлдызында Қарағанды қаласының рейтингісі жоғары оқу орындарының бірі – М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияда «Педагогтардың жазу дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өтті. Бұл тренингті «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық газетінің журналисті Тоғызбаев Арман Ұзақұлы өткізді. Тренинг өз алдына – ұстаздар қауымының бұқаралық ақпаратты сауатты бере алуына көмек көрсетуді мақсат етіп, мақала жазудың қыр-сырымен таныстырды. Мақаланың міндеттері мен өзектілігін, түрлерін, құрылымын қалай құруды түсіндіре отырып, ұстаздардың өздеріне де жұмыстар жасатып үйретті.
Тренинг барысында әр ұстаз өз пікірін білдіріп, білмегенін сұрап, білгендерімен бөлісіп, өте қызу жұмыстар жүргізді.  Қаламы қарымды журналист болып шықпаса да, мектеп өміріндегі қайнаған тірлікті сауатты жаза білулеріне ықпал етті. Ұстаздар қауымына бұл әрі жаңалық, әрі берері мол дүние болды.

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Альжанова Мөлдір Жаксыбаевна
№39 М.Жұмабаев атындағы  гимназия
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.