Адам баласының білгенінен білмегені көп. «Білгенім бір болса, білмегенім тоқсан тоғыз» деген сөз бар емес пе? Білуге, үйренуге ұмтылу бұл бір үлкен құштарлық. Сіз бұл туралы ойландыңыз ба? Нені білгіңіз келеді? Неге құштарлығыңыз басым?
Адам бір нәрсені білуі үшін оған деген қызығушылығы болуы керек. Қызығушылық — бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құштарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.
Қызығушылық болмаған жағдайда толық мәлімет ала алмайсыз. Біліп, үйренгіңіз келсе:
- Қызығушылығыңыз туралы ойланыңыз;
- Ол туралы ізденіңіз, мәлімет жинаңыз және басқаның пікірін сұрасаңызда болады (шешімді өзіңіз қабылдауды ұмытпаңыз);
- Оны іске асыруға тырысыңыз;
- Ойыңыздан шығып жатса бөлісіңіз;
- Басқаларға үйретуді ұмытпаңыз.
Үйрену бірінші білуге деген құштарлықтан бастау алады. Үйренгенді басқаға да үйрету есте жақсы сақталатындығын ұмытпаңыз.
Астана қаласы, Алматы ауданы
«Алтын ұрпақ Астана» бб.
Муталиева Молдир