Кейбіреулер өзі шыққан ортасының кішілігін ескермей Құнанбай Қамбардың Көкшетауына баса қонып, әкесіне ас берді дейді. Абай туып өскен ортаның аса қадірлейтін Ниязбек Алдамжаров ақсақалдың естелігінің «Ас бергенде» бөлімінде: «Ас басталардың алдында Тәттімбет бастаған бір топ адам Алшынбайға барыпты:
— Мына ат төбеліндей тобықты бізді басынды, жерімізге келіп, Өскенбай
биге ас бергелі жатыр, — десе, Алшынбай:
— Жарайды, оны бара көрерміз, — деп өздерін ертіп ас берілетін жерге
беттепті. Мұны естіген Құнанбай Алшынбайдың алдынан шығып, сәлем беріп, Алшынбайға:
— Ағаңыздың асы қайырлы болсын! – депті де қайта кетіп қалыпты.
Алшынбай жолдастарына:
— Әлгі Құнанбайды көрдіңдер ме? «Ағаңыздың асы қайырлы болсын»
деп бар салмақты бізге тастап кетті. Енді осы асты дұрыс өткізу бізге міндет, — деп қалың арғын Өскенбай бидің асында табақшы болыпты», — дейді.
Алмахан Мұхаметқалиқызы
Білім айнасы