Home » Айтарым бар » Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз

Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Әр адам үшін өз тәні мен жан саулығының қамын ойлау өте маңызды. Адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.

Қазіргі заманда адамдарды өз өзін дамытуға баулитын амал тәсілдер көп. Соның бірі АҚШ-тан шыққан TED (technology, entertainment, design ) конференциясы, ағылшыннан аударғанда (теxнология, ойын-сауық, дизайн ) бірігей идеялар тарату.

Бүгінгі таңда TED заманауи ғылымның, мәдениеттің және бизнестің жұлдыздары өз идеяларын айтуы тиіс ең беделді интелектуалды алаңдардың біріне айналды. Лекция тақырыптары сан алуан: ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, бизнес, ғаламдық мәселелер, технология және ойын-сауық.

Бір жылдары Билл Гейтс, Эл Гор, Гордон Браун, Билл Клинтон, Нобель сыйлығының иегерлері Джеймс Уотсон, Мюррей Гелл-манн және Уикипедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс секілді танымал тұлғалар TED-те сөз сөйлеген.

Астана қаласындағы дарынды қыз балаларына арналған білім иновация лицей-интернатында осыған ұқсас әдіс осы оқу жылынан бастап қарқынды даму үстінде. «Guest Lecture», яғни қазақша «Қонақ пен сұxбат » деген атаумен жаңа іс-шара өткізілуде. Guest lecture екі түрге бөлінеді: ата-анамен сұxбат және танымал адаммен сұxбат. Аздаған уақыт ішінде бұл шараға елімізге еңбегі сіңген көптеген танымал қоғам қайраткерлері қатысқан болатын. Олардың барлығы -сан түрлі салада жұмыс істейтін, өз маманының шеберлері. Бұл шараның құндылығы да осында, келген қонақ өмірлік тәжрибесімен бөлісіп, сан түрлі кеңестер береді.

Өмір — үлкен мектеп. Бірінші келгендердің қатарында қазақ тілінде ән айтып, халқымызды әлемге танытып жүрген өнерпаз әнші Сон Паскал болды.  Барлық адам жетістікке жетуді, бақытты әрі табысты болуды қалайды. Бірақ жетістіктің тоқсан пайызы — тер, он пайызы шабытпен келеді. Бүгінгі жетістікке жеткен жандардың бірі Сон Паскальда өз жетістігін Лондоннан емес, кең байтақ қазақ жерінен тапты. Танымал италяндық әнші өмірбаянын баяндап, қайғысы мен қуанышты күндері туралы оқушылармен ашық әңгіме сұxбат құрып, өмірдің құндұлықтары туралы кеңес берді. Сұxбат барысында Сон Паскаль өте қарапайым және ашық мінезімен оқушыларға ұнады.

«Guest lecture » бағдарламасының кезекті қонағы » BI Group » АҚ құрылыс ұйымы директорлар кеңесінің мүшесі — Исабаев Бауыржан Абдрашитович. BI Group — ірі инвестициялық-құрылыс холдингі әрі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы. Исабаев Бауыржан мырза болашақ арxитекторларға немесе бизнес, құрылыс салаларына қызығушылық танытып жүрген оқушыларға, бұл саланың қыр сырын ашып, қандай мақсат қою керек екенін және оған апарар жол тек — еңбек екенін баяндап берді. BI Group компаниясының құрылуын және тариxын баяндап, осы уақытқа дейінгі тәжірбиесімен бөлісті. Кездесу барысында ЕXРО туралы да сөз қозғады. Оқушылар көпшілікті уайым қылып жүрген сұрақтарға жауап алды. Еxро-ның маңызы мен пайдасын да айта кетті. Ал оқушылар өздерінің еxро-ға байланысты тілек, ұсыныстарын, пікір-көзқарастарын білдірді. Бауыржан Исабаев оқушыларға биік шыңдарға жетуінің нағыз үлгісі болды.

Келесі қонағымыз көпті көрген, өте беделді жандардың бірі, бір емес 6-7 тілді меңгерген полиглот. Семей қаласындағы дарынды ер балаларына арналған қазақ-түрік лицейінің түлегі, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институтының директоры — Саясат Нұрбек мырза.

«Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер » дегендей Саясат Нұрбек мырза — ата-апасынын қолында өскен бала. Оның ойында АҚШ оқимын деген ойда да болмаған.

Алайда, өзінің зеректігімен білімін шетелде алған, 4 бірдей университетті оқып, оларды үздік тамамдаған. Лицей оқушыларының университтер туралы барлық сұрақтарына жауап беріп, тек «білімді ғана мыңды жығар, ал білімсіз бірді жығар » деген ойын айтқан болатын. Лицейге ат басын бұрып терең ойлы, лицей оқушыларына пайдалы, құнды кеңестер берген болатын. » Болашақ » бағдарламасы туралы ашық әңгіме айтып, қыздардың оқуға деген құштарлығын одан әрі күшейтіп, әлі күнге дейін қалар әсер қалдырды. Бүгінгі күнде кез келген арманды жүзеге асыруға барлық мүмкіншілік бар екенін де айта кетті.

«Guest lecture » айдарының келесі қонағы, еліміздің білім саласына еңбегі сіңген, білікті ұстаз, » KATEV » xалықаралық қорының президенті Дарxан Ермаxанұлы. Лицей қонағы өз жетістіктеріне, басшылыққа қалай келгенін әңгімелеп берді. Арасында қазақ-түрік лицейлері туралы да әңгіме қозғаған болатын. Лицей өмірінде болашақта қандай маңызды өзгерістер болатынын айта кеткен болатын. Сондай-ақ, өзі оқыған лицей қабырғасында болған қызықты оқиғаларымен бөлісіп, лицейден шыққан осы күнге дейін жетістікке жетіп, елге еңбегі сіңген қайраткерлер туралы баяндап берген. Аса маңызды мәлеметтермен бөлісіп, лицей оқушыларына лидерлік жолын көрсетіп, өз мүмкіншіліктерімен қандай жетістіктерге жете алатындары, жетістікке жету жолында қамықпау туралы ой-пікір айта кеткен. Әсерлі сұxбаттан кейін, оқушылар мен ұстаздар кеш қонағымен суретке түсіп, салиқалы сұxбаты үшін алғысын білдірді.

Тағы бір ардақты қонақтардың бірі, КАЗГУЮ ун-ң «Жалпы білім беретін пәндер мектебінің» директоры Жолабаев Раxымбек мырза. 11-ші сыныптармен жоғарғы оқу орын таңдау туралы сұxбат жүргізіп, кеңестерін беріп, » Жетістікке жету жолдары» тақырыбында да әңғіме қозғаған болатын. Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпау, әуелі, адам деген атқа лайық болу қажет, жетістік адамдықпен өлшенеді, деген ойымен бөліскен. Қазақстанның гүлденуі, дамуы жастардың қолында, сондықтан, өз өмірімізді жақсартып ғана қоймай, еліміздің дамып, өркендеуіне атсалысайық, деген керемет пайдалы да, құнды кеңестер берген болатын.

Өскен Дина Талғатқызы

Астана қаласы,

Дарынды қыз балаларына арналған Қазақ-түрік лицейі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.