Home » Бастауыш » «Білгірлер» интеллектуалдық сайысы

«Білгірлер» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты: Мәңгілік Ел құндылықтарын, дүниетанымын, туған өлкеге деген мақтаныш сезімдерін тереңдету, жеріне, еліне деген шексіз патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру негізінде, туған өлке туралы ой-толғанысын шығармашылықпен ұштастыруға баулу; өздерін болашақтың иегерлері екендігін сезіндіре отырып, жауапкершілікке, белсенділікке, сыйластыққа, рухани құндылықтардың негізін қалауға тәрбиелеу. Халық мұрасына, тіліне өз көзқарасын қалыптастыру, оларды қазақ тілін ардақтауға, қадірлеуге, сүюге, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге бағыт-бағдар беру.

  • Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Бүгінгі күн сіздер үшін тек жақсылық пен ізгілікке толы болсын!

Жетік білсең тіліңді,

Боларсың сонда білімді.

Қазақ тілін құрметте,

Талапқа сай бүгінгі, — дей келе, ата-аналармен жүргізгелі отырған Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына, мектебіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңына орай ата-аналармен ұйымдастырылған «Білгірлер» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер! Ортаға «Жер ұйық» — 2 «В», «Алаш» — 2 «Г» сынып оқушыларының ата-аналарынан құралған топтарды шақырамыз. Топтар орналасқаннан кейін өз-өздерін таныстырады.

«Жер ұйық» тобының ұраны, 2 «В»:

Қонақжай халықпыз,

Жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті

үміт артқанбыз!

«Алаш» тобының ұраны, 2 «Г»:

Таныған жұмыр жер

Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен

Даңқты даласын.

Ойын барысы:

Бағдарлама 5 айналымнан тұрады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.