Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленушілердің бойына сініріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету балабақшаның негізгі міндеттерінін бірі. Еліміздің болашағы –ертеңгі тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ екені даусыз, сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ осіру баршаға ортақ іс, әрі міндет. Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудын алғашқы баспалдағы – балабақша. Алматы қаласы, Алмалы ауданына қарасты Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасымен 2014жыл ақпан айында «№181 бөбекжай-балабақшасы» ашылды. Балабақшада 6 топ І кіші«Жұлдыз», ІІ кіші «Ботақан», «Балдырған», ортаңғы « Бәйтерек», « Тұлпар», Ересек « Көгершін» топтары мемлекеттік тілде жұмыс атқарады. Балабақшамыз 145 орынға арналған. Балалардың жас ерекешеліктерін ескере отырып, қазіргі заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Әр топта ұлттық, табиғат және ойын бұрыштары бар
«№181 бөбекжай-балабақша» меңгерушісі Ибраева Айжамал Тынысқызы, бастауымен білімді, білікті педагог қызметкерлері жалпыға міндетті білм беру стандартының бес білім саласы бойынша жемісті жүмыс атқарып келеді. 15 ақпанда 2019 ж әдіскер Оспанова Гульнар Сагидолдақызы, музыка жетекшісі Смаилова Динара Байтурғанқызы және тәрбиеші Құсайынова Назира Аскарқызы балабақша ашылғанына 5 жыл толуына орай балалар тақпақ оқып, би билеп, ән салды.«Біз-5 жастамыз» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылып, мерекелік іс шараға балабақша ардагерін Аклима Есляшқызы және Аудандық Нұр Отан партия мүшесі Салтанат ұжымды мерекелік іс-шарамен құттықтап, өз пікірін білдірді. Ата-аналар осы мерекенің өтуіне ат салысып, жақсы ниет тлектерін білдірді. Бабалабқшамыз әр дайым биіктерден көрініп, іші қуаныштарға толы болсын!
Дайындаған:
Оспанова Гульнар Сагидолдақызы